Көне фриз тілі
Көне фриз тілі — 4-ші - 5-ші ғасырларда Райнжәне Ельба өзендерінің арасында және Солтүстік теңіздің жағалауында қоныстанған халықтың 8-ші - 16-шы ғасыр аралығында сөйлеген тілі. Олардың бастапқы қонысы қазіргі солтүстік Германия және Дания жерлерінде орналасқан. Ал сол аймақтың солардан бұрын бұрынғы тұрғындарының, яғни Тацитустың суреттеп жазған фризиялықтардың тілінің көне фриз тіліне қатысы анық емес. Көне фриз тілі даму барысында 16-19-шы ғасырларда қолданылған орта фриз тіліне айналды.
Бүкіл Орта ғасырлар кезеңінде Фрисландия қазіргі Бельгияның жеріндегі Брюгге қаласынан солтүстік Германиядағы Везер өзеніне дейін созылып жатты. Ол кездері фриз тілі Солтүстік теңіздің бүкіл оңтүстік жағалауында кең жайылған болатын. Қазіргі кезде ол аймақ Үлкен Фризия деп аталып, оның тұрғындары фриз мәдениетінің қалдықтарын сақтап келеді, бірақ көп жерлерде фриз тілі сақталмаған.
Солтүстік Германия мен Данияның 4-ші ғасырдан бастап Англияда қоныстанған тұрғындары Фрисландияда қоныстанған халыққа мәдениет жағынан өте жақын болып, тілдері бірдей болды. Сондықтан көне фриз тілі мен көне ағылшын тілінің арасындағы ұқсастық ерекше байқалады. Орта ғасырлардың соңғы бөлігінде орын алған фонетикалық өзгерістер фриз және ағылшын тілдеріне әсер етті, бірақ көне саксон тіліне аз әсер етті, ал басқа батыс герман тілдеріне мүлдем әсер етпеді, сондықтан ағылшын және фриз тілдерінің өзара ұқсастығы арта түсті.
Фонологиясы және грамматикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сол сияқты, кейбір дауысты дыбыстардың алдында тұрған /k/ дауыссызы /tʃ/-ға айналды. Мысалы, фриз тіліндегі tsiis («ірімшік») және tsjerke («шіркеу») сөздері дәл сол мағына беретін ағылшын тіліндегі cheese және church сөздері бір-біріне голланд тіліндегі kaas және kerk сөздеріне қарағанда әлдеқайда ұқсас. Англия мен Фрисландияда кең тараған мына бір мәтел екі тілдің арасындағы ерекше ұқсастықты одан әрі көрсетеді: «Bread, butter, and green cheese is good English and good Fries» — «Brea, bûter, en griene tsiis is goed Ingelsk en goed Frysk».
Көне фриз тілінде (ш.1150-1550 жж.) грамматикалық септіктер болған. Осы кезеңнен сақталып қалған құжаттардың кейбіреулері 12-13-ші ғасырларға жатады, бірақ көбі 14-15-ші ғасырларға жатады. Негізінен алғанда бұл заңгерлік құжаттар. Фриз тіліндегі ең алғашқы құжаттар 9-шы ғасырда жазылған; бірақ сол аймақта одан бұрынғы кезде жазылған руналық жазбалар да бар, олардың тілі де фриз тілі болып шығуы әбден ықтимал, бірақ олар көбінесе бірнеше сөзден тұратын сөйлемдер ғана.
Көне фриз мәтіндер жинағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Латын тілінде жазылған кейбір құжаттарда жазылып алынған көне фриз адам есімдері және кейбір руникалық жазбалар сақталған. Тұтас мәтіндер 13-шы ғасырдан белгілі, әсіресе ресми құжаттар және заңдар. Олардың тілі стандартталғаны көрініп тұр.
- Ағаш таяқтағы жазба (ш. 750-900)
- Fon Alra Fresena Fridome [1]
- Hunsigo MSS H1, H2 қолжазбасы: Он өсиеттің мәтіні [2], 17 petitiones [3]
- Londriucht [4]
- Thet Freske Riim [5]
- Skeltana Riucht заңдар жинағы [6]
|
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|