Мазмұнға өту

Көксерке

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Көксерке

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Ұлы табы: Сүйекті балықтар
Табы: Actinopterygii
Сабы: Алабұғатәрізділер
Тұқымдасы: Percidae
Тегі: Sander
Түрі: S. lucioperca
Екі-есімді атауы
Sander lucioperca
(Карл Линней, 1758)
Синонимдері
  • Centropomus sandat Lacepède, 1802
  • Lucioperca linnei Malm, 1877
  • Lucioperca lucioperca (Linnaeus, 1758)
  • Lucioperca sandra Cuvier, 1828
  • Perca lucioperca Linnaeus, 1758
  • Stizostedion lucioperca (Linnaeus, 1758)
  • Stizostedion luciperca (Linnaeus, 1758)
  • Stizostedium lucioperca (Linnaeus, 1758)

Көксерке (лат. Sander lucioperca) – алабұға тұқымдасына жататын жыртқыш балық.


Бұлар табиғи жағдайда Балтық, Қара, Азов, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптары және Эгей теңізіне құятын Марица өзенінде кездеседі. Қазақстанда ЖайықКаспий, СырдарияАрал, Сарысу, Балқаш – Алакөл, Талас, Ертіс, Нұра су алаптарында тіршілік етеді. Ұзындығы 35 – 45 (91) см, салмағы 400 – 900 (11,3 кг) г. 10 – 12 (16) жыл тіршілік етеді. Ұзынша денесі екі бүйірінен сәл қысыңқы. Жақтары мен таңдайында шошақ тістері бар. Майда қабыршағы құйрық қанатының түбіне шейін, басында желбезек қақпағына дейін жауып жатады. Бүйірінде 9 – 14 қоңыр көлденең жолақтары бар, майдаларында анық көрінеді. Жақын орналасқан екі арқа қанатының біріншісі тек тікенекті талшықтардан тұрады. Кеуде, құрсақ және аналь қанаттары ақ немесе солғын сары түсті болады. Арқа және құйрық қанаттары көптеген майда қоңыр дақтардан шұбар болып көрінеді. Жыныстық жағынан көпшілік жағдайда 2 – 4 жасында жетіледі. Әрбір аналық уылдырығын (54,6 мыңнан 170 – 180 мыңға дейін) су температурасы 12 – 15°С болғанда (наурыздың аяғы – сәуірдің басынан мамырдың аяғына, кейде маусымға дейін), суы таза, майда тасты, өсімдік қалдығы бар тұнба-топырақты жерлерге шашады. Оны аталықтары қорғайды, бұл мезгілде олар қоректенбейді. Өте майда шабақтары зоопланктонмен, сәл ересектері зообентоспен (мизидалар, креветкалар, бүйірімен жүзушілер, хирономидтердің дернәсілі, т.б.) қоректенеді. Мөлшері 5 см-ге жеткенде балықпен қоректенеді. Басқа жыртқыш балықтар сияқты бұларға каннибализм тән. Көксеркенің еті дәмді, қылтанақсыз, кәсіптік маңызы бар балық. Сондай-ақ олар сулардың тиімді биомелиораторы болып саналады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2. Қазақ Энциклопедиясы