Көкен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көкен
Thymelaea hirsuta
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Malvales
Тұқымдасы: Көкендер
Тегі: Thymelaea
Mill.
түрлері

32 түрі белгілі

Көкен (лат. Thymelaea) — өзімен аттас тұқымдасқа жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Жерорта теңізі жағалауларында тараған 20-ға жуық түрі бар. Қазақстанда тасты, тастақты, құмды, балшықты жерлерде, сортаңды шалғындықтарда, егістіктерде өсетін 1 түрі – кәдімгі көкен (T. passerina) бар.

Биіктігі 12 – 110 см, сабағы жіңішке, жапырақтары ұзын, үшкір (5 – 15 см). Гүлдері ұсақ (1,5 – 3 мм), жеке немесе екеуден жапырақ қолтығына орналасқан. Гүл сағағы өте қысқа, шоғырлана орналасқан ақ түктері бар. Гүлсерігі құмыра тәрізді, жасыл сары, сырты қалың түкті. Аталығы 4 – 6, кейде 2 – 8. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Жемісі – алмұрт пішінді жаңғақша.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • [1] Қызыл кітап