Мазмұнға өту

Көк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Көк – иі қанбаған,шылғи қайыстан тілінген таспа. Оны, көбінесе, ірі қараның (өгіз, түйе) жон терісінен дайындайды. Мұндай мықты Көкті кереге сағанағын бір-бірімен тізіп бекіту үшін қолданады. Ол үшін Көк қайыс ұшын жарып тіледі де, оған жіңішке таспаланып тілінген екінші ұшын өткізіп, тесілген 2 сағынан көздерге өткізіп, арғы ұшын тұйықтап түйіп, кепілдеп тастайды. Көк кепкен соң қатайып берік болады. Кереге торларының биіктігін сол Көктермен есептейді. Көкке кей жерлерде түгі жидітілген жылқы терісін де қолданады. Кезінде Көкпен батырлар сауытын, ат кежімі, қалқан қатарлы қару-жарақ бөлшектерін қосып, өзара берік ұстастырған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том