Күзендер
Күзендер | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
|
Күзендер (лат. Mustela) – сусар тұқымдасының бір туысы.
Қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді мекендейтін 7 түрі бар:
Бұлар көбінесе сарышұнақтардың, қосаяқтардың, аламандардың індерін пайдаланады. Өздері ін қазбайды. Тұрқы 13 – 53 см, салмағы. 0,1 – 2,2 кг. Денесі ұзынша келген. Жүні үлпілдек, жұмсақ, түсі алуан түрлі. Қорегін іңірде, түнде аулайды. Ақпанда ұйығып, мамыр айында 8 – 12-ден (кейде 19 – 20-дан) балалайды. Күзендердің ішінде ең ірісі – дала күзені (Mustela eversmannі), оның тұрқы 29 – 52 см. Бұлар өздеріне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оларды сасық күзен деп те атайды. Күзен – терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сондай-ақ олар зиянкес кемірушілерді жеп пайда келтіреді.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Африка күзені (лат. Mustela africana)
- Сарғыш күзен (лат. Mustela altaica)
- Ақкіс (лат. Mustela erminea)
- Сасық күзен (сусар тұқымдасы) (лат. Mustela eversmannii)
- Колумбия күзені (лат. Mustela felipei)
- Ұзынқұйрықты күзен (лат. Mustela frenata)
- Итатси (лат. Mustela itatsi)
- Сарыжолақты күзен (лат. Mustela kathiah)
- Еуропа қара күзені (лат. Mustela lutreola)
- Ява күзені (лат. Mustela lutreolina)
- Америка күзені немесе қарааяқты күзен (лат. Mustela nigripes)
- Аққалақ (лат. Mustela nivalis)
- Малай күзені (лат. Mustela nudipes)
- Орман күзені (лат. Mustela putorius)
- Сары күзен (лат. Mustela sibirica)
- Ақжолақты күзен (лат. Mustela strigidorsa)
- Мысыр күзені (лат. Mustela subpalmata)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Mustela |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |