Кунама
Кунама | |
база, базен | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
260 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
суннизм, христиандық, дәстүрлі нанымдар |
Кунама (база, базен)[1] — Эритрея мен Эфиопияның солтүстік-батысында тұратын халық. Кунама халқының көпшілігі шалғайдағы Гаш пен Сетит өзендерінің арасында тұрады. Кунама халқының саны шамамен 260 200 адамды құрайды, олардың көпшілігі Эритреяда тұрады (шамамен 80%). Нақты саны белгісіз, өйткені нақты санақ деректері жоқ.[2][3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар Ніл-Сахар макроотбасының оқшауланған кунама тілінде сөйлейді.[4]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кунамдардың көпшілігі сунниттік исламды ұстанады, кейбіреулері протестанттық христиандар және ежелгі дәстүрлі нанымдар сақталған.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі Кунаманың 90%-дан астамы егіншілікпен (сорго, тары, сонымен қатар бидай, арпа, бұршақ, мақта) және мал шаруашылығымен (ірі және ұсақ мал, түйе) айналысатын шаруалар.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кунамның дәстүрлі әлеуметтік ұйымы мен сенімдерінде көптеген архаикалық белгілер сақталған (жыныстық жас топтары және олармен байланысты рәсімдер, ақсақалдардың билігі, қауымдық жиналыстар, синкреттік пантеон және т.б.).[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Значение слова КУНАМА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1841009.html
- ↑ Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/101010/Кунама
- ↑ Кто такие люди Кунама? https://stranatur.ru/who-are-the-kunama-people.html
- ↑ Материал из свободной энциклопедии https://infor24.ru/Кунама_(народ)(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Значения слов кунама https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/кунама
- ↑ Народы и культуры Кунама https://travel-journal.ru/ethno/38/838/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Кунама http://www.etnolog.ru/people.php?id=KUNM