Крона

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Крона (кескіні шекілген “корона” – “тәж” деген сөзден шыққан) – 1) Францияда (14 – 17 ғ-лар), Англияда (16 – 17 ғ-лар), басқа да елдерде шекілген көне алтын ақша; 2) Ұлыбританияда 1871 жылға дейін айналыста болған ағылшын күміс теңгесі; 3) Австрия-Венгрияның кейіннен Австрияның және Венгрияның 1924 ж. дейінгі ақша өлшемі; 4) Данияның, Гренландияның, Норвегияның, Швецияның (бұл елдерде 100 эреге тең), Исландияның (100 эйреге тең), Чехияның, Словакияның (бұл елдерде 100 геллерге тең), Эстонияның (100 центке тең) ақша өлшемі.[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы"