Климаттық маусымдар
Климаттық маусымдар — ұзақтығы бірнеше айға созылатын және климаты жалпылай алғанда бірыңғай болатын жыл кезеңдері. Ауа температурасының жылдық амплитудасы аз және ылғалдылығы біркелкі экваторлық беддеуде климаттық маусымдар білінбейді.
Субэкваторлық, тропиктік және аздап субтропиктік белдеулерде Климаттық маусымдарды ылғалдық режімі бойынша құргақ маусым (жауын-шашыны аз) және ылғалды маусым (жауын-шашыны мол) деп бөледі. Маусымдардың мұндай алмасуы, негізінен, атмосфераның жалпы циркуляциясының ерекшеліктерімен (циклондар мен антициклондардың маусымдық алмасуы) байланысты.
Қоңыржай белдеулерде, негізінен, термиялық жағдайлар бойынша бөлінген жыл мезгілдері — көктем, жаз, күз, қыс анық байқалады. Полюстік аудандарға ұзақ қыс пен қысқа жаз тән, ал өтпелі Климаттық маусымдар нашар байқалады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|