Клапан
Клапан (нем. Klappe – қақпақ, жапқы) – машиналарда және құбырларда газдың, будың немесе сұйық заттың өтер жолын тарылту-кеңейту арқылы оның ағынын реттеп тұратын бөлшек не тетік. Қштен жанатын қозғалтқыштарда, сорғыларда, компрессорларда, ауа үргілерде, т.б. Клапан газ немесе сұйықтық ағынын бөлетін немесе соны басқаратын механизмнің бөлігі болып табылады. Клапан құбырға кіріктіріліп жасалған тұрықтан (корпустан) және тұрық ішінде орын ауыстыратын газ не сұйық өтпенің қимасын, сол арқылы оның өткізу қабілетін өзгерткіш жапқыдан тұрады. Клапан газ не сұйықтықты ішке кіргізуге арналса енгізу Клапаны деп, сыртқа шығарса – шығару Клапаны деп аталады. Клапанды желіде қысым айырмашылығын тудыру үшін (дроссельдік Клапан), сұйықтықтың теріс ағуына тосқауыл ретінде (кері Клапан), қысымды шамадан тыс өсуден сақтандыруға (сақтандырғыш Клапан), газ бен сұйықтың ағымы мен қысымын реттеу мақсатында (реттеуіш Клапан) және қысымды төмендету немесе тұрақты ұстау үшін (редукциялық Клапан) қолданады. Құбырды ағытқанда ішіндегі сұйықтық немесе газ ағып кетпес үшін ұшын бірден бітеп тастайтын бөгеуіл Клапан пайдаланылады.[1]
клапан түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Керi бағытты клапан (Клапан обратный) — тек бір бағытты ағында жұмыс істейтін ортадағы кері ағынды автоматтандырьшған түрде өзгертетін клапан.
- Қысым клапан (Клапан давление) — жетектің артық қысымын реттеп отыратын құрылғы.
- Сақтық клапан (Клапан предохранительный) — жұмысшы ортадағы мөлшерден тыс қысымды бір қалыпты жіберіп отыратын клапан.
- Төмендеткіш клапан (Клапан редукционный) — қысымды төмендетіп, оны тұрақты етіп ұстап тұратын клапан.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |