Мазмұнға өту

Кирсово

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кирсово
ғағ. Başküü, Башкүү
Әкімшілігі
Ел

 Молдова

Аймағы

Ғағауызстан

Ауданы

Комрат

Ішкі бөлінісі

коммуна

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°14′02″ с. е. 28°38′53″ ш. б. / 46.23389° с. е. 28.64806° ш. б. / 46.23389; 28.64806 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°14′02″ с. е. 28°38′53″ ш. б. / 46.23389° с. е. 28.64806° ш. б. / 46.23389; 28.64806 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1811

Алғашқы дерек

1791

Жер аумағы

102,7 км²

Уақыт белдеуі

UTC 2:00

Тұрғындары
Тұрғыны

6 861 адам (2004)

Ұлттық құрамы

48,48% - бұлғарлар, 45,59% - ғағауыздар, 2,29% - молдовандар,

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

373 298 -----

Пошта индексі

MD-3813

Автомобиль коды

GE XX yyy

Кирсово картада
Кирсово
Кирсово

Кирсово (болг. Кирсово, ғағ. Başküü, Башкүү) — Молдованың оңтүстігінде орналасқан Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігінің құрамындағы ауыл.[1][2][3][4]

Кирсово ауылы солтүстік ендіктің 36° 40′ 80″ және батыс бойлығының 46° 10′ 20″ қиылысында, Буджак даласының орталық бөлігіндегі Ялпуг өзенінің аңғарында орналасқан. Кирсово ауылынан Молдова Республикасының астанасы Кишиневке дейінгі қашықтық 113 км, Ғағауызстан астанасы Комратқа дейін – 8 км.[5]

Жер бедері тегіс. Қара теңіз деңгейінен ең жоғары биіктігі - 240 метр. Топырағы сазды. Кирсово жері қара топырағымен әйгілі. Климаты континенттік. Қаңтардың температурасы -10°, ал шілдеде 25°. Ауылдан солтүстік-батысқа қарай бес шақырым жерде Кирсов өзенінің құрғақ арнасы бар, оның жайылмасында екі жасанды көл қалыптасқан. Олардың су беті 800 гектарды құрайды. Суды суару үшін пайдаланады.

Мәдениет үйі

2004 жылғы халық санағы бойынша ауылда 6861 адам тұрса, оның 49,05%-ы ерлер, 50,95%-ы әйелдер. Халықтың ұлттық құрамы:

Кирсовоның құрылуы деректерде әр түрлі мерзімдермен беріледі: 1791, 1811, 1812.[7]

1787-1792 жылдардағы орыс-түрік соғысының аяғында бұл аймақ ноғайлардың қолында болды. Молдавиялық зерттеуші Ион Дрон ауылдың негізі 1791 жылы қаланған деп есептеген. 1806 жылға дейін 37 қоныстанушы отбасы болды. Бірақ олар басқа ауылдардағы помещиктердің жерлеріне қоныстанды.

Кейбір зерттеушілер 1811 жылды дұрыс құрылған жыл деп есептесе, орыс авторы А.Скалковский 1830 жылды айтады. Расында, А.Скалковский орыс болгарлары туралы көлемді де құнды статистикалық және тарихи материал жинап, жариялаған алғашқы зерттеуші болды. «Бессарабия және Новороссийск аймағындағы болгар колониялары» кітабын жазды (I және II бөлімдер. Одесса, 1850 - 1853). Бұл кітапта ол болгарлардың қоныс аударуы, әрбір болгар ауылының іргетасы қаланған уақыты туралы жинақталған мәліметтерді жариялап, болгар отарларының жағдайының статистикалық нобайын келтірді. Өкінішке орай, бұл кітапта көптеген қателер бар (негізінен болгар ауылдарының негізін салу кезінде). Осылайша, Кирсово Скалковский атап өткендей 1830 жылы емес, Бухарест бітім шарты жасалғаннан кейін көп ұзамай құрылды. Александр I-нің 1819 жылғы 29 желтоқсандағы «болгарлар және басқа да қоныстанушылар» мәртебесін реттейтін жарлығында Кирсово Буджак ауданындағы ауыл ретінде көрсетілген.

Мұрағат деректерінің арқасында 1810 жылы Кирсовоға 10 қоныстанушы отбасы қоныстанғаны, оның 24-і ер, 29-ы әйел жандар екені белгілі. Бұл мерзімді «1816 жылғы Кирсов селосына қоныстанған болгарлар тізімі» растайды, онда жоғарыда аталған адамдар тобының 1810 жылы қоныстанғаны анық көрсетілген. 1817 жылы 11 Наурызда 18 отбасы Капаклиядан Кирсовоға қоныс аударды. Сол жылдың 11 мамырында Томай, Инжир және Капаклия ауылдарынан шыққан отбасылар тобы Кирсовода да қоныстанды. Нәтижесінде Кирсовоға тағы 37 отбасы қоныс аударды, олардың 103 - і ер адамдар, 97-і әйелдер.

1817-1819 жылдары Буджакты зерттеген орыс шенеунігі Корнилович «Кирсов колониясы алдымен Кирсов өзеніне қоныстанды, кейін 1821 жылы осы өзеннің оң жағалауында екі қатарда орналасқан Ялпуг өзеніне көшті. 1827-1829 жж. Кирсовоға 28 ер адам және 26 әйел жаннан тұратын тағы 15 отбасы қоныстанды. 1830 жылы болгарлар мен ғағауыздар Кирсового Болгарияның Котель қаласынан және Сливен ауданындағы Башкиой (Жеравна) ауылынан келген.[8]

1857 жылы Кирсово шекаралық елді мекен болды. Бессарабия губерниясының Бендери уезінің Комрат болысының құрамында болды. Кейіннен - Румынияның (1918/40) және Молдавия КСР-нің (1944/91) бір бөлігі болды.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылда 249 шаруашылық субъектілері тіркелген, оның ішінде:

Сауда орталығы
  • 175 ауылшаруашылық кәсіпорны,
  • 7 өнеркәсіп және қайта өңдеу кәсіпорны,
  • 1 диірмен,
  • 1 шағын наубайхана,
  • 45 сауда кәсіпорны, 2
  • 8 азық-түлік дүкені,
  • 1 жанармай құю бекеті, т.б.

Кирсово кентінің аумағында әлеуметтік нысандар: 2 мектепке дейінгі мекеме[9], 1 лицей[10], 1 гимназия,[11] мәдениет үйі,[12] тарихи-өлкетану мұражайы,[13] 4 кітапхана,[14] сауықтыру пункті, православие шіркеуі[15] орналасқан.[16]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Кирсово http://travellers.ru/city-kirsovo Мұрағатталған 24 шілденің 2022 жылы.
  2. Где находится Кирсова, Молдова (Гагаузия), расположение на карте https://ru.needcalc.com/place/420174
  3. Chirsova https://www.keeptravel.com/ru/moldova/chirsova
  4. Кирсова на карте, Молдова https://ru.2markers.com/363454
  5. Кирсово https://chirsovo.md/istoria/
  6. Кирсова, Гагаузия, АТО https://moldovenii.md/ru/city/details/id/1658
  7. КИРСОВО https://tochka-na-karte.ru/Goroda-i-Gosudarstva/16701-Kirsovo.html
  8. Материалы по истории с. Кирсово http://klise.ru/index.php/2011-04-02-16-57-06/1449-2014-02-06-21-50-45 Мұрағатталған 25 шілденің 2022 жылы.
  9. Дошкольные Учреждения И Детские Сады в Кирсово https://xn----8sbnadqrtzjid0d5cj.cybo.com/MD/кирсово/дошкольные-учреждения-и-детские-сады/(қолжетпейтін сілтеме)
  10. Теоретический лицей им. М. Тузлова с. Кирсово https://guogagauzii.md/teoreticheskij-litsej-im-m-tuzlova-s-kirsovo
  11. Гимназия имени Михаила Танасогло с.Кирсово http://gagauzschool.ucoz.ru/
  12. Дом культуры https://xn----8sbnadqrtzjid0d5cj.cybo.com/MD-biz/дом-культуры_6I Мұрағатталған 25 шілденің 2022 жылы.
  13. Историко-этнографический музей истории села Кирсово им. Иона Басс https://visitgagauzia.com/2020/09/07/новость-1/ Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2022 жылы.
  14. Библиотеки в Кирсово https://xn----8sbnadqrtzjid0d5cj.cybo.com/MD/кирсово/библиотеки/ Мұрағатталған 25 шілденің 2022 жылы.
  15. Свято – Успенский православный храм, с.Кирсово https://econutag.md/svyato-uspenskij-pravoslavnyj-hram-s-kirsovo/
  16. Географическая справка с. Кирсово https://www.gagauzia.md/ru/administracziya-regiona/primarii/primariya-s.-kirsovo.html