Мазмұнға өту

Кеңейтілген DC Ғаламы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кеңейтілген DC Ғаламы
DC Extended Universe
Құрушысы

DC Studios

Алғашқы туындысы

Құрыш адам

Баспасөздер
Кітаптар

DCU кітаптары

Комикстер

DC Comics

Фильмдер мен телесериалдар
Фильмдер

DCEU фильмдері

Телесериалдар

DCEU телесериалдары

Аудио
Саундтректер

Ханс Циммер

«Кеңейтілген DC Ғаламы» (ағылш. DC Extended Universe) — Warner Bros. Entertainment кинокомпаниясының DC Comics баспасының комикстеріне негіздеп шығарған медиафраншизасы. Қазіргі уақытта он бір фильм шығып үлгерді — «Құрыш адам», «Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы», «Жанкештілер жасағы», «Ғажайып-әйел», «Әділдік лигасы», «Аквамен» және «Шазам!», «Ғажайып әйел: 1984», «Жыртқыш құстар», «Жанкештілер жасағы: Сынақ миссиясы», «Қара Адам». Warner Bros. Pictures әлі тағыда жиырма бір фильм түсіруді көздейді. Жоспар бойынша бұл фильмдердің сюжеті бір-біріне қатысты болады, ал басты кейіпкерлер үнемі өзгеріп бір-бірімен кездесіп отырады. Келесі кезекте шығатын фильмдер: «Шазам: Құдайлар қаһары», «Флэш», «Көк қоңыз», «Аквамен және Жоғалған патшалық».

2012 жылдың желтоқсанында Зак Снайдердың «Құрыш адам» фильмі DC Comics киноғаламының ең бірінші фильмі болатыны, әрі «Әділет лигасы» фильмімен байланысатыны белгілі болды. 2013 жылы 10 маусымда Дэвид С. Гойердің «Әділдік лигасының» сценарий авторы болатыны мәлім болды. Бірнеше күннен кейін Дэвид С. Гойер киноғаламда «Құрыш адамның» кейіпкерлерінен Суперменмен қатар DC Comics-тің өзге кейіпкері — Бэтменде болатынын айтты. Оның айтуы бойынша бұл ғалам Кристофер Ноланның Бэтмен жайлы киноғаламынан бөлек болады. Кристиан Бейл (Нолан трилогиясында Бэтменді сомдаушы) бұл рөлге қайта оралудан бас тартты. Кейіннен оның үлкен гонорар үшін қайтып келетіні айтылғанымен, оның жай қауесет екені белгілі болды. Сондықтан Warner Bros. студиясымен DC Comics Бэтмен рөліне Бен Аффлекты шақырды[1][2][3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]