Кеуел
Кеуел | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Capparis spinosa Карл Линней, 1753 |
Кеуел (лат. Capparis spinosa) – көп жылдық, кеуелдер тұқымдасына жататын шөп тектес, жартылай бұталы өсімдік.
Сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сабағы жайыла өседі. Тамыр жүйесі өте қуатты. Жапырақтары онша үлкен емес, эллипс тәрізді, кезектесіп орналасқан, сағақтарының түбінде тікенектері бар. Гүлдері ірі, ақ түсті, гүл сабақтары ұзын, жапырақтарының қуысында бір-бірден орналасқан. Гүл тостағаншасы төрт қалақшадан, гүл тәжі төрт гүл жапырақшасынан тұрады. Жемісі сопақша келген, етті, көп тұқымды, қауашақ секілді жидек. Жемісі сырт жағынан қарағанда жасыл түсті, ал ішкі жағынан - қызыл түсті. Дәмі қарбыздың дәміне ұқсайды. Піскен жемісін жеуге болады. Жемісінің құрамында белоктық заттар, тұқымында май]көп. Гүлінен ара бал жинайды. Тұқымы арқылы көбейеді, жәндіктермен тозаңданады, құстармен, кейбір сүтқоректілермен (борсық, кірпі, тағы басқа) тарайды. Мамыр айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Ірі ақ гүлдері алыстан көз тартады.
Жер шарында кең тараған. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда кездесетін 250 – 300 түрі белгілі. Қазақстанда Жетісу, Іле Алатауының, Қаратаудың, Батыс Тянь-Шаньның сазды, қиыршықтасты, шөлді, сортаң жерлерінде кездеседі.[1][2]
Емдік қасиеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жемісінің құрамында 12% -ке дейін қант, 18% -ке дейін белок, эфир майлары, 0,32% рутин, 150 мг аскорбин қышқылы, 25-36% -ке жуық тамақ орнына пайдалануға жарайтын майлар, тамырында каппаридин деген глюкозид бар. Кеуелдің тамырын дәрі ретінде қолдану ертедегі араб медицинасынан Орта Азия халықтары медицинасына ауысқан. Бұл өсімдіктің тамырын бруцеллезге, ревматизмге қарсы және жүйке жүйесін тыныштандыру үшін, тістің ауырғанын, жарақаттарды емдеу үшін пайдаланады. Қазақтың халық медицинасында кеуелдің тамырын радикулитті емдеу үшін бірден бір бағалы дәрі ретінде қолданады. Өсімдіктің тамырымен бауырды және талақ ауруларын, сары ауруды емдейді. Жапырақтары мен бұтақтарын қант диабетін, ал тұқымын бас ауруларын емдеу үшін қолданады. Өсімдіктің жемісімен жемсау ауруын, ал оның қайнатындысымен геморройды, тіс ауруларын емдейді.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл. Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- ↑ Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Capparis spinosa |