Кепілдік хат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кепілдік хат - борышқордың шаруашылық шарт талаптарын толық және уақытылы қамтамасыз ететіні жөнінде кепілгердің несиегерге беретін міндеттемесі, сондай-ақ тиесілі соманың уақытылы төленуі қамтамасыз етілетіні жөнінде беретін хаты. Кепілдік хатта кепілгердің үшінші тұлғаға беретін міндеттемесінің сипаты мен көлемі көрсетіледі. Кепілгер Кепілдік хатты өтеусіз немесе өтеулі негізде (кепілдік сомасының пайызы ретінде) беруі мүмкін.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2