Каротиноидтар
Каротиноидтар (лат. carota — сәбіз) — сары, күрең сары, қызыл түстердің пигменті. Негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар және жоғарғы сатылы өсімдіктермен синтезделеді. Каротиноидтерге каротин және оған химиялық табиғи пигменттері бойынша туыстас болып келетін ксантофилл, ликопин, фукоксантин және т.б. жатады. Каротиноидтер сәбіз тамыржемістерінде, итмұрын жемістерінде, қарапайым шетенде, қарақатта, қызанақта, өрікте, қырмызыгүл гүлдерінде жинақталады. Каротиноидтер фотосинтез процесінде маңызды рөл атқарады және де эпоксидация реакциясына қатысып, көптеген оттекті құрылымдар түзеді. Негізгі қызметінің бірі: өсімдіктің тыныс алу және өсу процестеріне қатысады, оттегіні тасымалдайды, түсті фиксациялап, генеративті және тотығу–тотықсыздану процестерін ынталандырады. Каротиноидтер өсімдіктердің хромопласты мен хлоропластарында орналасады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|