Кап таулары
- Кап таулары[1]– Африканың қиыр оңтүсікндегі таулар.
- Оңтүстік Африка Республикасы жерінде, шығысында Порт-Элизабет, батысында Олифантс өзен сағасы аралығындағы аумақты алып жатыр. *Ұзындығы 800 км-ге жуық.
- Негізінен құмтас және кварцит жыныстарынан түзілген.
- Таулар қатар жатқан бірнеше антиклинальдік жоталардан (Свартберг, Лангеберг, т.б.) тұрады. Жоталар аралығындағы тауаралық аңғарлар мен жазықтар саздақты тақтатас және конгломераттан түзілген (Кіші Кару үстірті).
- Орташа биіктігі 1500 м, ең биік жері 2326 м (Кіші Свартберг жотасы).
- Климаты жерортатеңіздік субтропиктік. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 600 – 800 мм. Қыста тау бастарына қар жауады. Ықтағы беткейлері мен ішкі аңғарлары – шөлейт.
- Үнді мұхитына қараған жел өтіндегі беткейлерінде мәңгі жасыл бұталар (финбош), шығысында қылқан жапырақты орман өседі. Кап таулары және көршілес жатқан Дракон таулары кен орындарына бай.
- Өңірде алтын, платина тобындағы металдар, марганец, хром, сурма, ванадий, уран, зергерлік қымбат тастар (алмас) өндіріледі.
[2] Африканың ауданы тым шағын физикалық-географиялық ауданы бұл облыстың құрғақ субтропиктік климатт ыоблыстағы Бенгаль Бенгаль ағысы салықндатып тұратын мұхит жағасындағы орны және тау лы рельефі қатты тілімделуі мен қайталанбайтын флорасының өзгешелігіне байланысты табиғат жағдайларныңы өзіндік үлкен сипатымен ерекшеленеді. Кап тау жүйесі Африканың оңтүстік-батыс және оңтүстік жағалауын болап бір-бірімен параллель қалыпта созылып жатқан биіктіктері орташа, тұрқы қысқа антиклиналдық жоталардан тұрады. Төменгі палеозойдың қатты жыныстарынан тұратын, герцин циклі қатпарланып, әлдеқайда кейінгі кездегі көетрілу барысында жасар түскен бұл жоталардың рельефі жақпарлы бролып келеді және солтүсітігінде Хварт тауында ұшар биіктікке жетеді. Жоталардың арасында синкленалды депрессиялар жатыр, олардың ішіндегі ең үлкені Кіші Карру ойысы деп аталады. Анағұрлым енді Үлкен Карру депрессиясы Кап тауларын Оңтүстік Африка таулы үстіртінің Ұлы Кемеріне бөледі.
Оңтүстік бөлігінде Кап жүйесі жағалық жазықтардың ортасында көтеріліп тұратын оқшауланған шағын жоталар мен массивтерге бөлшектенеді. Оңтүстік батыста және оңтүстікте таулар қолайлы қойнаулармен жырымдалған жағалауға қиялап жақындайды. Сол қойнаулардың бірінде онша биік емес Төрткіл таудың етегінде Оңтүстік Африканың ең ірі, әрі өте әсем каласы және порты – Кейптаун орналасқан.
Кап облысына әсіресе оның батыс жағалауына жауын-шашынның максимум қыс мезгіліне келетін және жазы құрғақ жерорта теңіздік режим тән. Кап облысында ылғалды маусымның соңы оның Оңтүстік африканың басқа бөліктерінде бастаулымен шамалас болып келеді. Жауын-шашынның мөлшері еш жерде дерлік жылына 750 мм-ден аспайды, тек едәуір биік жоталардың батыс беткейлері 1000 мм астам ылғал қабылдайды. Ішкі ойыстар, әсіресе Кіші Карру өт еқұрғақ және егіншілікке жарамсыз. Тіпті шығыстан жағалық жазықтың өзі 400 мм шамасында ғана ылғал алады және қолдан суаруды қажетсінеді.
Кап облысы Оңтүстік Африканың қалған бөлігінен жауын-шашын режимімен ғана емес, кап флорасы еске түсіреді. Бұл ауданда вереск, протейн және рута тұқымдастыраына жататын жапырағы ұсақ, сұрғылт және көгілдір жасыл болып келетін бұт тоғайлары басым тараған. Оқта-текте әсіресе мұхитқа қараған беткейлерде қараған мен жабайы жеміс ағаштарынан тұратын ормандардың шағын да сирек массивтері кездеседі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
- ↑ Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы. Педагогика институтында география мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық. Алматы, “Мектеп”, 1985 ж. Издательство “Просвещение” 1976 г.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |