Мазмұнға өту

Канон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Канон[1] (грекше kanon – ереже, қағида),
  • 1) өнерде – өнердің тарихи кезеңінде, әдеби бағыттарда пайдаланған, өнер түрлерінің негізгі құрамдық заңдылықтарын орнықтыратын дәстүрлі қағидалар мен ережелер заӊы. Канон өнерде, әдебиетте, логикада, эстетикада және дінде кеӊінен таралған ұғым. Канондық қасиеттер, ежелгі дәуірдіӊ және орта ғасырлардыӊ өнерінде кездеседі. Канон Ежелгі Египетте адам денесінің канон пропорциялары деп негізделіп, ежелгі грекиялық мүсінші Поликлеттің (б.з.б. 5 ғ.) “Канон” атты трактатында теориялық, ал “Дорифор” мүсінінде (кейін “Канон” деп аталып кеткен) тәжірибелі түрде көрсетілген. Поликлеттің шығарған адам денесінің идеалды пропорциялар жүйесі Ежелгі дәуір өнерінің және кейбір өзгерістермен Қайта өрлеу дәуірі мен Классицизм дәуірі суретшілерінің нормасына айналды. Шығыс және еуропа ортағасырлық бейнелеу өнерінде полиграфия және архитектурада канон орын алды. Эстетикада канон– барлық көркем шығармалар мен ережелердің жиынтығы. Эстетика тарихында канон, негізінен алғанда, сан жағынан бейнеленетін адам келбеті бөлшектерінің өзара қатысы ретінде түсіндірілді;
  • 2) дінде – қасаң қағидалық сипаттағы інжілдік ережелер жиынтығы. Ежелгі еврей тілінде жазылып, б.з.б. 2 ғасырдың басында қалыптаса бастаған Таурат кмен оның грек тіліндегі аудармаларының арасында түсіндірілуі жағынан елеулі айырмашылықтар кездеседі. Інжіл канондарын 367 жылы Афанасий Александриский нақтылағанымен, ол төңіректегі талас-тартыстар 9 ғасырдың соңына дейін жалғасып келді. Сонымен қатар ол православиялық, протестанттық және католиктік канондар болып жіктеледі.Христиан дінінің негізгі үш тармаққа бөлінуі және олардың ішінде өз алдына иерархиялық қатынастардың пайда болуы осы канондық ережелердің өзара қайшы келуіне байланысты туындаған

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том