Иоканга
Көрініс
Иоканга, Иоканьга - Ресейдің Мурманск облысындағы өзен. Кола түбегінің солтүстік бөлігіндегі ұзындығы 203 км алабы 6020 км². Кейва қыратының солтүстік беткейіндегі Алозер көлінен басталады. Бірнеше көлдер арқылы өтіп, Баренц теңізінің Әулие тұмсық шығанағындағы Иоканга кірмесіне құяды. Жоғарғы жағында кең аңғармен, одан кейін тар шатқалмен (бұл тұста шоңғалды келеді) ағады, Иоканга көлінен төменде су құламалары бар. Қар, жаңбыр суымен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны 74,5 м³/сек. Неғұрлым ірі саласы - Сухая (оңынан) ағаш ағызылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974, 5 том.