Интрузия
Интрузия — жердің терең қабаттарындағы байырғы қуыстарға, ішкі қысудан пайда болған бос кеңістерге магманың көтерілуі.
Интрузияның түрі жайпақ төмпешіктерге, жалпақ немесе күмбез тәріздес массивтерге ұқсайды. Интрузияның көлемі өте үлкен де болуы мүмкін, кейде ауданы жүздеген шаршы километрге жететін жерді алып жатады. Олар жер бетіне тек қана өзін жауып жатқан шөгінді жыныстардың қабаты денудациялық процестердің әсерінде бұзылып жуылып-шайылғанда ғана шығады. Интрузия қатпарлы тау жоталарының ядроларында да ұшырасады. Интрузия деп жалпы тереңдегі магмалық жыныстардың массаларын түсінеді.
Екінші анықтама: Интрузия — балқыған магманың жер қыртысы қат-қабатына ену процесі.
Интрузиялық тау жынысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Магманың жер қыртысы қойнауларында кристалдануы нәтижесінде қалыптасқан толық кристаллы магмалық тау жынысы. Магманың бірте-бірте суынуымен орайласа отырып, жоғары дәрежелі қысымдар жағдайында және ұшпа құрамбөліктердің белсенді түрде араласуымен өтетін интрузиялық тау жынысы қалыптасу процесі сол тау жынысыты құрайтын минералдардың толықтай кристалдануына бірден-бір жағдай туғызады. Сондықтан да интрузиялық тау жынысытар әдетте ірі кристаллы құрылымдармен сипатталады. Синонимі: полутәндық тау жынысы.
Интрузиялық (немесе эффузиялық) кешен
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бір ғана магма ошағы есебінен қалыптасқан түрлі құрамды (ультранегізді тау жынысытардан бастап қышқыл тау жынысытарға дейін) интрузиялық (немесе эффузиялық) тау жынысытардың толык жиынтығы; бұл жиынтыққа кіретін магмалық тау жынысытар тектес тау жынысытар ретінде тектоникалық құрылым өңірінің нақтылы аудандарында ғана ұшырасуы және геологиялық көнелігі түрғысынан тетелес болуы шарт.
Интрузиялық шоғыр
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көлбеу бағытта көлбей көсілген яки онша деформацияланбаған тау жынысы қабаттарының аралығына сыналай еніп жалпақ қойнауқаттар құрайтын интрузиялық дене. Синонимдері: силл және қойнау-қаттық интрузия.
Интрузиялық-анатексистік гранитоидтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Палингендік-метасоматиттік, кейде анатексистік не палингендік гранит түзілім процесі орнынан басқа жаққа ауысқан балқыманың кристалдану нәтижесінде қалыптасқан гранитоидтер. Интрузиялық-анатексистік гранитоидтер эпидот-амфиболиттік, амфиолиттік, кейде гранулиттік фациялар жағдайында қалыптасады. Оларға антиэвтектикалық құрам, фемалық және сиалдык минералдардың тепе-тендіксіз қатынастары, такситтік бітім, субстраттың көптеген қалдықтары тән.
Интрузиялық-реоморфтық гранитоидтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Серпімділік шегінен асқан тангенциал қысым жағдайында, не сұйық фазаның (балқыма не ерітіндінің) қатысуынан туатын гравитациялық түрақсыздықтан жылжымалы және пластикалы жағдайға өтуден қалыптасқан минералдық массаның интрузиялары. Интрузиялық-реоморфтық гранитоидтер мигма-плутәндар мен гранит-гнейстік күмбездердің құрамында болады. Интрузиялық-реоморфтық гранитоидтерге флюидалдық бітім, катаклаздық құрылым, минералдарының құрылымдық- оптикалық қасиеттерінің өзгермелілігі, минералдық геотермометрмен анықталған палеотемпературасының төмендігі (350— 500°С) тән. Физикалық-химиялық жағдайы бойынша, интрузиялық-реоморфтық гранитоидтер дің қалыптасуы метаморфизмнің эпидот-амфиболиттік, амфиболиттік фацияларына сәйкес келеді.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- ↑ Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |