Измиттегі жер сілкіну
Измиттегі жер сілкіну – 1999 жылы 17 тамызда 7,6 магнитудалы, жергілікті уақыт бойынша сағат 3.01 де орын алған табиғи апат.[1]
Сілкініс ошағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілкініс ошағы өнеркәсіп қаласы саналатын Измитте орналасқан.
Апат салдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нәтижесінде 17 217 адам қаза тапқан, шамамен 500 000 адамның тұрарға үйі, жеуге тамағы қалмаған, 43 959 адам жарақаттанған. Шамамен 120 000 ғимарат қайта орнына келтіруге жарамсыз, 50 000 қираған, бірақ қайта тұрғызуға болады, бірнеше зауыт қиратылған, мұнай шығарушы зауытта өрт орын алған. 25 млд долларға нұқсан келтірілген. Жерсілкінісінің салдарынан Мәрмәр теңізінде 3 метр биіктікке дейін жететін цунами пайда болған.
Көрсетілген көмек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Измитте болған табиғи апатқа әлемнің 13 мемлекеті көмек көрсеткен.
Грекия Түркияға алғашқы болып жәрдемдескен. Ұлыбритания 50 000 фунт, Үндістан 2 млн рупий және 32 000 палатка жіберген. Красный Крест комитеті 4,5 миллион фунт стерлинг жұмсаған.
Жерсілкінісі аяқталғаннан кейін АҚШ Президенті Билл Клинтон және Пәкістанның премьер-министр Наваз Шариф Стамбұл мен Измитке барып, апат орындарын көрген.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|