Иван Михайлович Колодий
Иван Михайлович Колодий(1.5.1912, Қарағанды облысы,Нұра ауданы,Киев кенті - 18.11.1954, Ресей, Киров қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ефрейтор, атқыштар дивизиясының радио-телеграфисі. Колодии майданға Өзбекстаннан соғыстың бас кезінде аттанды. Тәжірибелі байланысшы ретінде ол 69-атқыштар дивизиясында радио-телеграфист болды. 1943 жылы15 қазанда Кеңес әскері Чернигов облысы(Украина) Радуль елді мекені жанында Днепр өзенінен өте бастады. Кенет снаряд жарылып, Колодии ауыр жараланды. Ол жағаға жетіп, батареямен берік байланыс орнатты. Сол жолы Колодийдің көмегімен артиллеристер жаудың 16 атыс ұясын жойып, 3 батареясын және жаудың 20-ға жуық қарсы шабуылына тойтарыс беруге көмектесті. Ол сонымен қатар өз автоматымен және гранатамен 15 жау әскерін жойды. Днепр өзенінен өтердегі ерекше ерлігі үшін Колодийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943). Соғыстан кейін еліне оралып, еңбек етті.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |