Иван Иванович Неплюев
Иван Иванович Неплюев (1693 - 1773) - Орынбор генералы - губернаторы.
1744 жылы қазақ халқын ата қоныстарынан ығыстыру жөнінде қосымша жобаның авторы. Бұл жобада қазақтарды Орал мен Сібір жағынан қоршауға алу жоспарланған еді. Әсіресе, Жайық қалашығы, Орынбор, Орск, Жаңа Ойыл шебі, Сібір шебіндегі әскерлерді қазақтарға қарай бағыттау болды.[1]
1742 жылы 19 қазанда И.И. Неплюев қазақтарды Жайық өзені маңында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хандарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар саламын, бұдан былай осы жарлық алғаннан кейін қамал маңында және Жайық өзенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады».
Неплюев кадет корпусы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Неплюев кадет корпусы – әскери мамандар даярлаған оқу орны. 1825 ж. 2 қаңтарда Орынборда ашылған. 1844 ж. Орынбор Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. Оқу орны Азия халықтарын отарлауға қажетті мамандар даярлау мақсатын көздеді. Алғашында арнайы жабық оқу орны болып, қазақ балалары қабылданбады. Кейін кадет корпусындағы екі эскадронның (Еуропалық және Азиялық) біріне, Азиялық эскадрондағы 30 орынға қазақ ақсүйектері мен старшындарының балаларын қабылдауға рұқсат берілді. Бірақ кейін патша үкіметі мұндай оқу орнында қазақ балаларын оқытуды қауіпті деп есептеп, 1868 жыл 4 тамызда қазақ балаларына бөлінген 30 стипендияны жойды. Енді қазақтар ерікті түрде өз қаражатымен оқитын болды. Бұдан кейін корпуста қазақ балаларының саны күрт азайып, бірен-саран ірі байлардың балалары ғана бітіріп шықтын. Орынбор губерниясының бірінші губернаторы Иван Иванович Неплюевтің құрметіне аталған.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X
- ↑ Неплюев Әскери Училищесі