Мазмұнға өту

Иван Васильевич Лучицкий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Иван Васильевич Лучицкий (1845 жыл 14 маусым, Каменец-Подольский - 1918 жыл 22 тамыз, Киев) - орыс тарихшысы, либералдық-халықтық бағыттың өкілі.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1908 жылы Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі болды. 1907 жылы мемлекеттік 3-думаға сайланды. XVI ғасырдағы Франциядағы діни соғыстарға арналған алғашқы зерттеулерінде Лучицкий бұл соғыстардың саяси-әлеуметтік сипатын ашуды мақсат етті. Оның кейінгі еңбектері Ұлы Француз революциясы кезіндегі аграрлық мәселеге және Франция шаруалары тарихына арналған. Ол капитализмнің мануфактуралық кезеңіне байланысты шаруалар қауымының ыдырай бастағанын байқамады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том