Иболар
Иболар | |
игбо | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
26 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Нигерия |
21,6 млн. |
Камерун |
120 000 |
Либерия |
100 000 |
Сьерра-Леоне |
100 000 |
Гана |
70 000 |
Экваторлық Гвинея |
60 000 |
Гамбия |
7 000-10 000 |
АҚШ |
250 000 |
Ұлыбритания |
20 000 |
Тілдері | |
Діні | |
христиандық, дәстүрлі нанымдар |
Иболар (өз атауы – игбо) — Нигерияның оңтүстік-шығысындағы халық. Саны шамамен. 26 миллион адам.[1] Нигерида 21,6 млн., сондай-ақ олар Камерунда (120 мың адам), Либерияда (100 мың адам), Сьерра-Леонеде (100 мыңға жуық адам), Ганада (70 мың адам), Экваторлық Гвинеяда (60 мың адам), Гамбияда (7-10 мың адам), АҚШ-та (шамамен 250 мың адам), Ұлыбритания (20 мың адамға дейін), Аустралия мен Канадада тұрады.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Конго-кордофан тілдері шоғырының нигеро-конголез тобына кіретін тілде игбо тілінде сөйлейді.[3] Кең тараған диалектісі – онича мен оверри. Онича диалектісі негізінде әдеби тілі дамыған. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни көзқарастары: христиандар (протестанттар, католиктер), дәстүрлі нанымдар.[4]
Шығу тегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Прото-ква тобына жататын иболардың ата-бабалары және олардың көршілерінің көпшілігі Африканың Ұлы көлдері аймағынан және Шығыс және Орталық Африкадағы Ай тауларынан, саванналар арқылы келген деген пікір бар, қазір олардың орнында Сахара басым. Шөлдену кезеңі адамдарды одан әрі оңтүстік пен солтүстікке Нигер мен Бенуэнің түйіскен жеріне қоныс аударуға мәжбүр етті, онда Нок мәдениеті дамыған.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсіптері – егін шаруашылығы. Ямс, маниок, жүгері, көкөніс, майлы пальма, аздап күріш егеді. Орманнан ағаш даярлап, ең құндыларын сыртқа сатуға шығарады. Терушілікпен айналысады, жеміс-жидек, дәрілік шөп жинайды. Территориясының көп бөлігінде улы цеце шыбыны болатындықтан мал шаруашылығымен аз айналысады. Сиырды қасиет тұтады. Аң аулау кәсібі кең тараған. Темір ұсталығы, қыш-құмыра, тоқымашылық, өрмелі заттар жасау қолөнері дамыған.
Әлеуметтік құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Туыстық қатынас әке жағынан саналады. Ал кейбір топтарында (мысалы, абам, ада, т.б.) туыстық жақындық шеше жағынан есептеледі. Иболарда бірыңғай, орталықтанған билік болмаған. Әке жағынан туыстар ру тобына (умуннаға) бірігіп, оны окпара басқарады. Туыстық жүйесі – омаха тектес. Иболардың бай ауыз әдебиеті, халықтық, фольклорлық мерекелері, түрлі салт-жоралғылары бар. Әруаққа сыйыну кең тараған.
Елді мекендегі әр үй өзгелерден бөлектеніп, дуалмен қоршалады. Үйлері төрт бұрышты немесе дөңгелек пішінді етіп сырғауылмен құрастырылып, іші-сырты балшықпен сыланады. Шатыры пальма жапырағымен, кейде беті кедір-бұдырланған темірмен жабылады. Елдің солтүстік өңіріндегі үйлер сазбалшықтан қаланады.
Ұлттық киімдері – ерлер жейде сыртынан үлкен жамылғы оранады. Әйелдер кеудеше киеді де белдемше орнына матамен оранады. Қалалықтар, көбінесе, еуропаша киінеді.
Ұлттық тағамдары ямс, кокоямс, маниок, жүгері, көкөніс тәрізді өсімдік тағамынан құралады. Ас пісіргенде пальма майы мен ащы тұздықты пайдаланады[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Игбо https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/71343
- ↑ Попов Владимир Александрович. Первая публикация: Большая российская энциклопедия, 2008. https://bigenc.ru/c/igbo-narod-4ff485
- ↑ Игбо https://megabook.ru/article/Игбо (народ)
- ↑ Современная энциклопедия ИГБО https://rus-modern-enc.slovaronline.com/4209-ИГБО
- ↑ "НАРОД ИГБО (ЛЕСНЫЕ ЖИТЕЛИ) - ПОТОМКИ 10 КОЛЕН ИЗРАИЛЕВЫХ?" https://www.liveinternet.ru/users/maya_monahova/post343164256
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том