ИС-2

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ИС-2соғыс жылдары периодының Совет Одағы атынан 1944 жылы соғыс шебіне шыққан танк сериясы. Соғысқа тек қана 1944 жылы шыққанына қарамастан оның нәтижесіне әсер етті. Оның оқ өткізбейтін сауыты мен сол кездердегі ең қуатты зығырлардың бірі соғыс оның әсерін арттырды. ИС-2 — Иосиф Сталин дегеннің қысқартылған нұсқасы, ал 2 индексі оның осы танкілер қатарының екінші моделіне сәйкестігін көрсетеді. 1943-1945 жылдар аралығында кеңестік өнеркәсіп жалпы ИС-2 моделінің 3395 танкін шығарды.

Шығарылу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1942 жылы Соғыс алаңында PzKpfw IV және StuG III модельдерінің пайда болуы кеңес инженерлеріне жаңай ой салды. Сол кездегі КВ-1 және Т-34 танкілерінің күші жетпегендіктен жаңа жетілдірілген танк моделін жасап шығару туралы шешім қабылданды. Ал «Пантера» және «Тигр» танкілері қойылған мәселенің өзектілігін айқындай түсті. Проектті ұсынған алғаш адам - Жозев Котин, сол жылдарғы ең беделді кеңес конструкторларының қатарына кірген. Ертеректе ол Клим Ворошилов атымен аталған КВ танк сериясының басты құрушысы. Ж.Котинның бас көмекшісі оның ескі танысы — Николай Шашмурин. Басында олар 30-тонналы және 85-мм зеңбірегі бар машинаға үміттенсе де, кейінірек осы ойынан қайтты. Осы характеристикалар бойынша құрылған КВ-13 танкі соғысқа икемділігі бойынша сынақтан өтпеді.

1943 жылы кеңес әскері қолына зақымбданбаған «Тигр» танкі түсті. Зерттеулер барысында, жаңа аса ауыр және одан да қуатты зеңбірек қажеттігі туралы шешім қабылданды. Осы факторды есепке ала отырып, жылдамдығын жоғалтқан, бірақ та ату күші артқан жаңа танк пайда болды. Көптеген өзгертулер нәтижесінде басты қару болып 122-мм калибрлі А-19 зеңбірегі орнатылды. Калибріне орай ИС-2 атауымен қатар ИС-122 де кең қолданылды.

Соғыстағы қолданысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өз құрылымының ерекшеліктеріне байланысты ол ашық алаңда осал болды. Оның басты себебі болып оның боезапасы болып табылады. Небәрі 28 снарядтан тұратын боезапас біткен жағдайда қорғалмаған нысан болып қалатын. Бірақ та Кеңес әскері танктың мықты жақтарын қолдана білді. Осы танк моделі соңыстың аяқ жағына ғана дайын болғандықтан, жақсы қорғалған қалаларды басып алуда басты қару болып саналды. 122-мм калибр штурмға басқа снарядтармен салыстырғанда қолайлырақ болды. Шығыс Пруссия мен Германияға шабуыл кезінде әрбір танк корпусына бірнеше ИС-2 моделі беріліп тұрды.

Қалалардағы шайқастарда арнайы "шырша" құрылысы қолданылды. "Шыршаның" басында екі ауыр ИС-2 танкі болды. Олар көшенің екі бетін бірінен соң бірі оқпен жаудырып отырды. Ал екінші қатар олардың соңынан еріп, қорғау астында болды.

Басты артықшылықтары мен кемшіліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Артықшылықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 122-мм калибр танктің әрбір атысын өте қауіпті қылды
  2. ИС-2 сауыт сол кездегі ешбір зеңбірекке берілмеген
  3. 46 тонна массасына қарамастан 37км/сағ жылдамдықпен қозғалды(түзу жолмен)
  4. Арнайы бұру механизмы көмегімен ол жылдамдығын жоғалтпай мұнарасын бұра алды.

Кемшіліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Экипаждың өртенген танктан уақтылы шығуы екіталай болды
  2. Басты қаруының боезапасы небәрі 28 снарядтан тұрды
  3. «Тигрмен» салыстырғанда ату/оқтау жылдамдығы ұзақ болды
  4. Танктың жауынгерлік бөлігінде бірден 3 жауынгер және отын болғандықтан, әрбір тиген оқ танкқа қауіп-қатер көрсетті

Характеристикалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Басты Характеристикалар
Сипаттамасы Мәні
Елі СССР/КСРО
Шығарылу жылы 1943ж.
Ұзындығы 6,77м
Ені 3,07м
Сауыт, тұмсық жағы 120мм
Сауыт, бүйірлері 90мм
Экипаж 4 адам
Қозғалтқыш Дизель, 660 л.т
Жүріс қашықтығы 250км
Макс.жылдамдығы 37км/сағ
Салмағы 46тонна
Қарулануы 122-мм Д-25 (28 снаряд);

12,7мм ДШК (250 снаряд);

2*7,62мм ДТ (2520 снаряд)

Соғыстан кейінгі қолданысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

60-ы жылдар басында Куба ИС-2 екі полкын алды.

Кейінірек ИС-3 және ИС-4 моделдері ИС-2 негізінде жасалғанмен, ИС-2 қолданыста олардан да ұзақ болды.

Әлі де Куба жағалауларында және шекараларында ИС-2 қорғаныс нүктелері ретінде қолданылуда.

ҮндіҚытай соғысында француз әскерлерін ИС-2 танкілері тоқтатты.

Соғыс біткен соң КХДР ИС-2 өз әскерлері қатарына қосты(Екі танк дивизиясы)