Зевс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Римдік Зевс мүсіні. ІХ. жасалған көне нұсқасының қалпына келтірілген көшірме нұсқасы. Санкт-Петербург қаласы, Эрмитажда сақталған

Зевс (көне грекше: Ζεύς)[1]ежелгі грек мифологиясындағы жоғарғы әмірші құдай, барлық құдайлар мен адамдардың ең мәртебелі құдайы. Ол ежелгі рим мифологиясы бойынша Юпитерлатынша:Jupiter) деп аталған. Мифологиялық аңыз бойынша, Зевс алып Крон мен Реядан туған кенже бала. Оның әйелі – Гера. Әкесінің үстемдігін құлатып, бүкіл дүниенің жоғарғы билігін өз қолына алған. Алғашқыда Зевс аспан әлемінің әміршісі деп есептелсе, кейін гректер оған адамзат қоғамы тіршілігінің билігін де береді. Олимп тауы Зевстің жер-әлемге үстемдік жүргізетін тұрақты мекені. Грек аңыздары бойынша, Зевстен Аполлон, Афина, Артемида, Арейя, Афродита, Гермес, Гефест, Дионис, Персефона, т.б. құдайлар мен біраз батырлар (Геракл, Персей, т.б.) тараған.[2][3]

Найзағай ойнатқан Зевс, Людовик XIV сақтаған. Пьер Granier 1686 жылы найзағай көтерген білегін толықтаған.

Зевстің туылуы және Құдайлардың Құдайы атануы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Зевстің әкесі Крон, атасы Аспан құдайы Уранның билігін аударып тастап, ең жоғары билікті өз қолына алған екен. Ол Реяға үйленген, екеуінің көптеген балалары болған. Бірақ Уран өлер алдында Кронға өз баласы жағынан өлтірілетінін болжап айтып кеткен екен. Сонымен, өлімнен қорыққан Крон, барлық балаларын туыла сала жеп қойып отырған. Крон өзінің үш қыз, екі ұлын жеген соң, Рея жаңа туған Зевсті де жегізіп қоймас үшін, бір кесек тасты Зевске ұқсатып жасап қойып, Кронды алдаған. Ал, Зевс өзі Крит аралында туған. Ол сонда өсіп-жетіліп, әкесі Кронның кеудесінен өзінің аға-әпекелерін құтқарып алады.[4]

Кронның Ураннан үстемдікті тартып алуы, XVIғ.Палаццо Веккьо, Флоренция

Зевстің Крон жұтып қойған аға-әпкелері: Посейдон(Ποσειδών, Poseidon, Нептун)、Аид (, ᾍδης,Hades, Плуто́н)、Гера (Ἡρα, Hera)、Деме́тра (Δήμητρα, Demeter )және Гестия (Εστία, Hestia)қатарлылар Зевстің арқасында қайта туылады. Олар Зевстен бұрын туғанымен, ұзақ заман Кронның құрсағында жатып, Зевстен кейін қайта туғандықтан бәрі де Зевсті Үлкен аға көреді. Бұл бауырластар әкесі мен басқа да Титандарға қарсы одақтаса отырып күресіпті.[5]

Соғыс ондаған жылға созылып, жер-әлем ойран-асыр болып, жеңіс-жеңіліс айқындалмайды. Кейін Зевс әжесі Жер құдайы Геяның (Аспан құдайы Уранның әйелі) ұсынысын тыңдап, қамаудағы жалғыз көзді Киклоптар мен жүз қолды Гекатонхейрлерді босатады. Алғыс ретінде Киклоптар Зевске Найзағай береді, Посейдонға Үш аша айыр береді, Аидқа оны көзге көрсетпей тастайтын қара дуылға береді.

Жүз қолды гекатонхейр

Ал, жүз қолды гекатонхейрлер соғысқа ерлікпен араласады. Сөйтіп олар ақыры Кронды жеңеді.[6]

Қасиетті Зевс бүркіті, Дион археологиялық мұражайы, Франкфурт, Германия

Зевс соғыста жеңілген Титандарды түгелдей жер астындағы тозақ әлемі – Тартарға қамайды. Олар қашып кетпес үшін Зевс Аидқа бұйрық беріп, тартарға төрт есік-терезелі мыс дуал соқтырып, мың қолды гекатонхейрлерге бақылатып қояды. Cондай-ақ Зевске қарсы шыққан титан Атласқа (Атлант) аспанды иығында көтертіп қояды.

Киклоп Polyphemus

Сол кезде, жер құдайы Гея Тифон делінетін құбыжық туып, ол жер-әлемге қауып төндіреді, Құдайлармен қарсыласады. Зевс оны найзағай отымен соғып, Тифонның жүрегін өртейді. Аңыз бойынша, Тифон қазіргі Этна жанартауының астына көмілген екен, ол ашуланған кезде жанартау магма атқылай бастайтын көрінеді.

Көп жылдан кейін жер құдайы Гея Зевстің өз титан балаларын түрмеде ұстауына ренжіп, титандар құдайы Алкионейді Зевске қарсы тұруға үгіттейді. Бірақ Геркулес пен басқа да құдайлар Алкионейді жеңеді. Ол да тартарға тасталады. Сөйтіп Зевске қарсы шығар ешкім қалмайды да, оның дүниеге үстемдігі басталады.

Зевс дүние-ғалам билігін қол астындағы бауырларына бөліп береді, өзі аспанды ұстайды. Посейдон теңізге, Аит тозаққа үстемдік етеді. Олар әлемнің билеушілері ретінде Олимп тауындағы салтанатты сарайда тұрады.

Зевстің күші және үстемдігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Зевс арбасы, 1879ж. Альфред шіркеуінде сақталған сурет

Гректердің түсінігі бойынша, Зевс Олимп шоқысында тұрып Құдайлардың Құдайы ретінде әлемге үстемдік етеді. Оның көңіл күйі жақсы болғанда Грек аспаны жарқырайды. Ол қайғырғанда нөсер сіркірейді. Зевс қара бұлттарды тарқатып, аспанда кемпірқосақ пайда қылады, немесе қара бұлттарды аспанға жинап, күшті дауыл тұрғызып, найзағай ойнатып, жер әлемнің зәресін алады.[7]

Зевс, б.з.б.360-340ж.【алтын】

Зевс әділетке өкілдік етеді. Оның адамзатқа үстемдігі де әділетке құрылған делінеді. Адамдар жамандықтан сақтанып, жақсылығын асырғанда жер мол өнім беріп, мал-жан өсіп, тұрмыс жақсарады. Ал, адамдар жамандыққа бейім болғанда түрлі табиғи апаттар көбейіп, адамзаттың азабы басталады. Бірақ ол бәрін білетін, бәріне жеттік Құдай емес болғандықтан, адамдар және басқа құдайлар оны алдап та кетеді.

Зевстің Еуропаны алып қашуы, Jean-François de Troy сызған. 1716ж.

Ол бәрін билегенімен, бірақ Құдайларға басқаратын жұмыстарды нақты бөліп берген екен. Мысалы, тағдырға жауапты үш әйел құдай адамдардың жазымыш заңына бойсынуын бақылап, Олимп сарайындағы тақтаға әр адамның тағдырын жазып отырады. Апалы-сіңлілі үш Оры құдайы бейбітшілік, әділет және тәртіпке жауапты, олар тағы төрт мезгіл ауысуын да қадағалайды.[8]

Зевстің жеке тұрмысы және Гера

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Юпитер мен Юнона Ида тауында, Джеймса Барри сызған, 1790-1799 жылдары

Зевстің көптеген көңілдестері болған. Олардан көптеген ұрпақтары, мысалы Артемида, Аполлон, Дионис, Геракл қатарлылар туған. Ол кейде астыртын түрде әдемі әйелдер мен қыздарды аздырып, көңіл ашқан.

Әйелі Гера қанша тырысса да Зевстің көңілдестерін тоса алмаған. Сонымен Зевс пен Гераның отбасында жаңжал үзілмеген.[9]

Әйелі Гера біраз құдайлардың анасы болып, табиғаты қызғаншақ, көбінесе Зевс пен көңілдесінен туған балаларды жазалаумен болған. Геракл солардың бірі есептеледі. Ол Зевс пен Алкменадан туған болып, Гераның өш алуына ұшыраған. Кейін Зевс шыдай алмай, Гераның қолын темір құрсаумен байлап, аяғына екі ауыр кісен тағып қойған екен.

Құдайлар әулетінің генеалогиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Грек құдайларының генеалогиясы: Ағылшынша

Зевстің үрім-бұтағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Зевстің тәрбиеленуі, Niccolò Possino, (1636 - 1637 жж. сызылған.)
Юпитер және Юнона, Annibale Carracci (1560–1609)
Зевске тасаттық, Noël Coypel, 1672ж. сызған.)
Филемон және Бавкида, A.Appiani (1754–1817)
Юпитер және Фетида, J.A.D.Ingres 1811 жылы сызған
Юпитер және Ганимед, Eustache Le Sueur, 1650ж. сызған.
Еуропаны алып қашу, Félix Vallotton (1865–1925)
Леда және аққу, Michelangelo Buonarroti, 1530ж. сызған.
Данай және алтын жаңбыр, Artemisia Gentileschi, 1612ж. сызылған.
Юпитер және Антиопа, Jean-Baptiste Marie Pierre, 1745-1749жж. сызылған.
Ио және Юпитер, Antonio Allegri (1490-1534)
Юпитер, І ғасыр. Рим.
"Отриколидегі Зевс" IVғ. рим сәулетшілері гректің осы тектес түпнұсқа туындысынан көшіріп салған.
Зевс, б.з.б.490-480жж.

Құдайлардың ұрпағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Анасы
Баласы
Aega

Aegipan[10]

Ananke or Themis

Moirai/Fates1

  1. Atropos
  2. Clotho
  3. Lachesis
Aphrodite Tyche6 (бәлкім)
Demeter Persephone
Dione or Thalassa Aphrodite
Eris

Limos

Eurynome/Eurydome/
Eurymedusa/Euanthe
Charites/Graces2
  1. Aglaea
  2. Euphrosyne
  3. Thalia
Gaia
  1. Manes
Hera
  1. Ares3
  2. Eileithyia
  3. Eris
  4. Hebe3
  5. Hephaestus3
  6. Angelos
Leto
  1. Apollo
  2. Artemis
Maia

Hermes

Metis

Athena4

Mnemosyne
  1. Muses (негізгі үшеуі)
    1. Aoide
    2. Melete
    3. Mneme
  2. Muses (кейінгі тоғызы)
    1. Calliope
    2. Clio
    3. Euterpe
    4. Erato
    5. Melpomene
    6. Polyhymnia
    7. Terpsichore
    8. Thalia
    9. Urania
Nemesis Helen of Troy (бәлкім)
Persephone
  1. Zagreus
  2. Melinoe
Selene
  1. Ersa
  2. Nemean Lion
  3. Pandia
Thalia Palici
Themis
  1. Astraea
  2. Nymphs of Eridanos
  3. Nemesis
  4. Horae
    1. First Generation
      1. Auxo
      2. Carpo
      3. Thallo
    2. Second Generation
      1. Dike
      2. Eirene
      3. Eunomia
    3. Third generation
      1. Pherusa
      2. Euporie
      3. Orthosie
      4. Adikia
Eos
  1. Carae
Unknown mother Aletheia
Unknown mother Ate
Unknown mother Caerus
Unknown mother Litae

|}

Жартылай құдайлардан / адамдардан туған ұрпақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Анасы
Баласы
Aegina
  1. Aeacus
  2. Damocrateia[11]
Alcmene Heracles
Antiope
  1. Amphion
  2. Zethus
Anaxithea Olenus
Asterope, Oceanid Acragas
Callisto Arcas
Calyce Aethlius (possibly)
Callirhoe (daughter of Achelous) no known offspring
Carme Britomartis
Cassiopeia Atymnius
Chaldene
  1. Solymus
  2. Milye
Danaë Perseus
Dia Pirithous
Elara
  1. Tityos
Electra
  1. Dardanus
  2. Iasion
  3. Harmonia
Europa
  1. Minos
  2. Rhadamanthus
  3. Sarpedon
  4. Alagonia
  5. Carnus
  6. Dodon[12]
Eurymedousa Myrmidon
Euryodeia Arcesius
Himalia
  1. Kronios
  2. Spartaios
  3. Kytos
Idaea, nymph Cres
Iodame Thebe
Io
  1. Epaphus
  2. Keroessa
Isonoe Orchomenus
Lamia
  1. Achilleus[13]
  2. Herophile
Laodamia Sarpedon
Leda
  1. Pollux
  2. Helen of Troy5
Maera Locrus
Niobe
  1. Argus
  2. Pelasgus
Othreis Meliteus
Pandora
  1. Graecus
  2. Latinus
Phthia (daughter of Phoroneus) Achaeus (бәлкім)
Plouto Tantalus
Podarge
  1. Balius
  2. Xanthus
Protogeneia
  1. Aethlius (бәлкім)
  2. Opus
Pyrrha Hellen
Semele Dionysus
Taygete Lacedaemon
Thyia
  1. Magnes
  2. Makednos
Torrhebia Carius
Nymph African Iarbas
Nymph Samothracian Saon (бәлкім)
Nymph Sithnid Megarus
Unknown mother
  1. Calabrus
  2. Geraestus
  3. Taenarus
Unknown mother Corinthus
Unknown mother Crinacus

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Hesiod, Theogony 542 and other sources.
  2. Hamilton Edith Mythology — 1998. — New York: Back Bay Books, 1942. — P. 467. — ISBN 978-0-316-34114-1.
  3. "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
  4. Greek and Roman Mythology. // Mythology: Myths, Legends, & Fantasy — Sweet Water Press, 2003. — P. 21. — ISBN 9781468265903.
  5. Homer, Iliad i. 202, ii. 157, 375, &c.
  6. Durant, The Life of Greece (The Story of Civilization Part II, New York: Simon & Schuster) 1939:23.
  7. Burkert (1985). Greek Religion. p. 321. ISBN 0-674-36280-2
  8. "Greek and Roman Mythology.". Mythology: Myths, Legends, & Fantasy. Sweet Water Press. 2003. p. 21. ISBN 9781468265903.
  9. Schmitz, Leonhard (1867). "Aegiduchos". In Smith, William. Dictionary of Greek and Roman Biography and Mythology 1. Boston. p. 26.
  10. Hyginus, Fabulae 155
  11. Scholia on Pindar, Olympian Ode 9, 107
  12. Stephanus of Byzantium, s. v. Dōdōne, with a reference to Acestodorus
  13. Photios 190.489R // Myriobiblon — Ge. Reimer, 1824. — Vol. Tomus alter. — P. 152a. At the Internet Archive.
    190.152a // Myriobiblon — Interreg Δρόμοι της πίστης - Ψηφιακή Πατρολογία, 2006. — P. 163. At khazarzar.skeptik.net.