Жұқа жапырақты көкбас
Көрініс
Жұқа жапырақты көкбас | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Eryngium planum L. |
Жұқа жапырақты көкбас[1] – шатыршагүлділер тұқымдасының көкбас туысына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі жарты метрге жуық.
- Бірінші жылы тек тамыр жапырақтары шығады, екінші жылы гүлдейді. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сағақтары ұзын, ара тісті.
- Сабақ жапырақтары отырмалы, қолдың саласы сықылданып тілімделген, шеттерінде тістері бар. Сабақтары әр бұтада бір-екіден болады. Алғаш шыға бастағанда ол жасыл түсті, ал өсе келе сабағы әуелі ақ түске, содан кейін ақщыл көк түске боялады.
- Гүлдері көк түсті, майда, жұмыртқа тәрізденіп өсімдіктің ең ұшында тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
- Жұқа жапырақты көкбас жолдардың жиегінде, егістіктердің ішінде, құмда және ылғалды жерлерде, бұталардың арасында өседі.
Емдік қасиеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрамында сапонин, танин, эфир майлары, илік заттар, флавоноидтар бар.
Халық медицинасында қақырық түсіретін, аурған жерлерді басатын дәрі ретінде пайдаланады, бронхтың қабынуларын, ұйқысыздықты емдейді. Сонымен қатар жөтелді басу үшін, жүрек ауруын, шеменді, тіс ауруларын емдеу үшін де қолданады.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.