Мазмұнға өту

Жұпаршөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жұпаршөп
Қосжапырақты жұпаршөп
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Orchidaceae
Кіші тұқымдасы: Orchidoideae
Тайпасы: Orchideae
Кіші тайпасы: Orchidinae
Тегі: Platanthera
Rich.
Үлгілік түрі
Platanthera bifolia
(Карл Линней) Rich.
түрлері

100 түрі белгілі

Жұпаршөп (лат. Platanthera) – сүйсіндер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.

Негізінен солтүстік жарты шарда кездесетін 50 (кейбір мәліметтерде 200-дей) түрі белгілі. Қазақстанда Алтайда, Тобыл, Есіл өзендерінің бойында қосжапырақты жұпаршөп (P. bіfolіa) өседі. Оның биіктігі 25 – 60 см. Түйнек тамырлы өсімдік. Ұзын жапырақтары гүлсидамының айналасынан өсіп шығады. Ақ, ақшыл жасыл, ұсақ гүлдері тік сабағының бойында орналасады. Түнгі көбелектер арқылы тозаңданады. Тұқымынан көбейеді, тұқымы жел арқылы таралады. Гүлі түнде немесе жаңбыр жауар алдында ашылады, сондықтан Жұпаршөпті түнгі шегіргүл деп те атайды. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жұпаршөп – хош иісті өсімдік, сондықтан сәндік үшін қолдан да өсіріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]