Жұлдыздар кінәлі (роман)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жұлдыздар кінәлі (ағылш. The fault in our stars) — 2012 жылы басып шағарылған америкадық жазушы Джон Гринның романы.

Хейзел Грейс Ланкастер – қалқанша без қылтамағынан зардап шегіп жүрген он алты жасар қыз. Хейзел еріксіз демеу тобына әр апта сайын қатысуға міндетті. Осы кездесулердің біреуінде Хейзел он жеті жасар Огастуспен танысады. Демеу тобының кездесуінен кейін, олар Огастустың үйінде кино көруді жөн табады. Кейін олар бір-бірінің сүйікті кітаптарын оқуға келіседі. Хейзел Огастусқа Питер Ван Хутеннің “Патша сырқаты” кітабын береді. Кітапты оқып біткен соң, Огастус уайым-қайғыға салынады: роман сөз ортасында аяқталады. Огастус аяқталмаған кітап мәселесі бойынша жазушыға хат жібереді. Ван Хутен өзінің хатында кітаптың жалғасын тек бетпе-бет айта алалатынын жазады. Хейзел Грейс, оның анасы және Огастуc, Питер Ван Хутенмен кездесу үшін Амстердамға аттанады. Олар Амстердамда таңғажайып күндер өткізеді. Сапар уақытында Огастустың демі таусылып отырғаны мәлім болады. Огастус Хейзелге арналған хатты Питер Ван Хутенге жібереді. Бұл хат ақырында Хейзелге жетеді.

2012 жылдың ақпан айында 20th Century Fox киностудиясы романның сюжет желісі бойынша аттас фильмді түсірді. Вик Годфри мен Марти Боуэн продюсерлік жұмысын атқарып, Хейзел грейстің рөлін америкалық актриса Шейлин Вудли, Огастустың рөлін Энсел Эльгорт орындады. 2014 жылдың 16 мамырында фильмнің бүкіләлемдік премьерасы өткізілді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]