Мазмұнға өту

Жолжелкен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жолжелкен
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Tracheophyta
Табы: Magnoliopsida
Сабы: Caryophyllales
Тұқымдасы: Қорғасыншөптер
Тегі: Psylliostachys

Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасынажататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен,Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4-тен масақ гүлшоғырынатопталған. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, ашық қоңыр түсті, жылтыр.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том