Мазмұнға өту

Жер мантиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жер құрылысы

Жер мантиясы (грекше mantіon — жамылғы), Жердің қыртысы мен ядросының аралығында орналасқан геосфера. Жер көлемінің 83%-ын, массасының 2/3-ін алып жатыр. Температурасы 2000 — 2500°С. Жоғарғы мантияның қалыңдығы 800 — 900 км, төменгі мантияның шекарасы 2900 км тереңдікте орналасқан. Болжал бойынша мантия құрамы ауыр минералдарға бай, негізінен, магний мен темірден тұрады. Астеносфера қабатынан басқа мантиядағы заттар қатты кристалдардан құралған. Мантия тектоникалық қозғалыстармен, магмалық, жанартаулық, т.б. процестермен тығыз байланысты. [1]

Сейсмикалық толқындардың жер мантиясының қимасынан өту жылдамдығы да қима деңгейінің терендігіне тікелей байланысты. Нақ осы байланыс негізінде, яғни сейсмикалық толқындардың мантия қимасынан өту жылдамдығындағы өзгерістерді саралау нотижесінде Ж.м. шартты түрде үш бөлікке бөлінген: жоғарғы мантия, немесе В облысы — Мохоровичич және Голицын жазықтықтарының аралығы; төменгі мантия, немесе мантияның Д облысы (кейде "45 градусты даралану деңгейі" деп аталады), шамамен 950 км терендік пен жер ядросы жабынының (2900 км терендік) аралығын қамтиды; алмасу белдемі деп аталатын мантияның ортаңғы бөлігі (мантияның С облысы) Голицын жазықтығы мен "45 градусты даралану деңгейінің" аралығына орналасқан. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2