Мазмұнға өту

Жерар Филип

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жерар Филип
фр. Gérard Philipe
Сурет
Жерар Филип, 1955
Жалпы мағлұмат
Туған күні

4 желтоқсан 1922 (1922-12-04)

Туған жері

Канна

Қайтыс болған күні

25 қараша 1959 (1959-11-25) (36 жас)

Қайтыс болған жері

Франция, Париж

Азаматтығы

 Франция

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1944 - 1959

Бағыты

драма, мелодрама, комедия

IMDb

ID 0679959

Жера́р Фили́п (фр. Gérard Philipe, 1922 ж. 4 желтоқсан, Франция, Канна1959 ж. 25 қараша, Франция, Париж) — француздық кино жəне театр актёрі.

Жерар Филип 1942 жылы актёрлық курстарды аяқтағаннан кейін сахнадағы дебютына қол жеткізді; ерекше танымалдылыққа Альберт Камюдың пьесасындағы Калигуланың рөлі арқасында ие болды. 1951 жылдан бастап Жан Вилардың Ұлттық халық театрының үздік актёрі болды; осы жылы Вилардың өзі қойған «Сид» қойылымы театрдың ғана емес, қосымша рөлді сомдаған Филиптің де үздік қойылымдарының бірі болды.

1944 жылы алғаш рет киноға, «Малютки с набережной цветов» фильміне түсті.

«Пармская обитель» (1948, Стендальдың аттас романының экранизациясы), «Красота дьявола» (1950), «Красное и чёрное» (1954, Стендальдың аттас романының экранизациясы ), «Большие манёвры» (1955), «Монпарнас, 19» (1958), «Опасные связи» (1959) секілді атақты фильмдерде ойнап, көрермен көзайымына айналды. 1956 жылы алғашқы рет режиссерлік қызмет атқарды — Йорис Ивенспен «Приключения Тиля Уленшпигеля» фильмін түсірді (Франция мен ГДР бірігіп түсірген).

Ең үлкен танымалдылықты оған Кристиан-Жактың «Фанфан-Тюльпан» (1952) фильміндегі Фанфанның рөлі əкелді. Көгілдір экрандарға шыға сала, фильм халықаралық табысқа қол жеткізіп, əлемдік прокаттың көшін бірнеше онжылдық бойы бастап тұрды.

1959 жылы 25 қарашада Париж қаласында бауыр рагынан қаза болды.

Марапаттары жəне танылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кинематографтың дамуына сіңірген еңбегі үшін «Сезар» сыйлығы (1990, өлімінен кейін)

Жыл сайын, тамыз айында Францияның Көк Жағалауындағы Жерар Филип жерленген Раматюэл атты қоныста оны еске алуға арналған театр фестивалі өтеді.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Театрдағы рөлдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1943 — «Содом и Гоморра», Ж. Жирода
  • 1945 — «Федериго», Рене Лапорт
  • 1945 — «Калигула», А. Камю
  • 1951 — «Сид», П. Корнель
  • 1951 — «Гамбург ханзадасы», Г. Клейст
  • 1951 — «Əдепсіздік жəне оның балалары», Б. Брехт
  • 1952 — «Лорензаччо», А. де Мюссе
  • 1953 — «Ричард III», Ричард III
  • 1954 — «Рюи Блаз», Рюи Блаз

Фильмографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1944 — «Гүлдер жағалауындағы балалар» / «Les petites du quai aux fleurs»
  • 1946 — «Ақымақ» / «L’Idiot»
  • 1947 — «Адам тəніндегі шайтан» / «Le Diable au corps»
  • 1948 — «Пармь мекені» / «La Chartreuse De Parme»
  • 1949 — «Барлық жолдар Римге апарады» / «Tous les chemins mènent à Rome»
  • 1950 — «Шайтанның сұлулығы» / «La Beauté du diable»
  • 1950 — Əткеншек
  • 1951 — «Джульетта, немесе түстерге кілт» / «Juliette ou la Clé des songes»
  • 1950 — «Жоғалған кəдесый» / «Souvenirs perdus»
  • 1952 — «Фанфан-қызғалдақ» / «Fanfan La Tulipe»
  • 1952 — «Жеті күнə» / «Les Sept Péchés capitaux»
  • 1952 — «Түнгі сұлулар»
  • 1953 — «Өр көкіректер» / «Les orgueilleux»
  • 1954 — «Қызыл жəне қара» / «Le Rouge et le Noir»
  • 1954 — «Версаль құпиясы» / «Si Versailles m'était conté»
  • 1955 — «Үлкен оңтайландыру» / «Les Grandes Manoeuvres»
  • 1955 — «Үздік жылдар» / «La meilleure part»
  • 1956 — «Бізге Париж жайлы айтып берсе» / «Si Paris nous était conté — Ле Трувер»
  • 1956 — «Тиль Уленшпигельдің шытырман оқиғалары» / «Les Aventures de Till l'Espiègle»
  • 1957 — «Жат жұбайлар» / «Pot-Bouille»
  • 1958 — «Екеуміздің өміріміз» / «La Vie à deux»
  • 1958 — «Монпарнас, 19» / «Montparnasse 19»
  • 1958 — «Ойыншы» / «Le Joueur»
  • 1959 — «Қауіпті байланыстар» / «Les Liaisons Dangereuses»
  • 1959 — «Эль-Паоға безгек келеді» / «La Fièvre monte à El Pao»

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]