Желайдар
Желайдар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Classic Anemone coronaria
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||
Anemone coronaria L. | ||||||||||||
Species | ||||||||||||
See text. | ||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||
Anemoclema (Franch.) W. T. Wang |
Желайдар (лат. Anemone) — сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Желайдардың бұрынғы КСРО аумағында 46 түрі өседі, олардың көпшілігі
улы келеді. Негізгілері:
- Емен желайдар (А. nemorosa) гүлі ақ немесе қызғыл түсті болады. Бұрынғы КСРО-ның Еуропалық бөлімінің көлеңкелі ормандарында өседі.
- Орман желайдар (А. silvestris) — өте улы өсімдік. Ақ күлтелі, ірі гүлі болады. Көбінесе селдір тоғайдың және бұталардың арасында өседі, кейде шабындықта да кездеседі.
- Сарғалдақ желайдар (А. ranunculoides) гүлінің көлемі ұсақ, түсі сары болады. Сирек тоғайдың ішінде өседі.
Дүние жүзінде кең тараған, 150-дей түрі белгілі. Қазақстанның барлық жерлерінде өсетін 11 түрі бар. Биіктігі 10 – 50 см-дей, сабағы тік өседі; сыртын түк басқан. Тамырына жақын жерінде жапырағы болмайды. Жапырағы сүйір, сағағы қысқа болады. Ірі гүлдері ақ сары, көгілдір түсті, олар сабақтың ұшында дара немесе шатырша гүлшоғырына топтасады. Ерте көктемде гүлдейді. Жемісі – тұмсығы иілген қысқа ұрық. Желайдардың жапырағының құрамында дәмі ащы анемонол болады. Одан ауруды бәсеңдететін және жүрекке әсер ететін анимонин бөліп алады. Тамырынан алынатын улы шырынды кейде сүйелді кетіру үшін пайдаланады. Желайдарды пайдаланған кезде өте сақ болған жөн, өйткені ол улы өсімдік. Сондай-ақ желайдар өте әдемі өсімдік болғандықтан, сәндік үшін де өсіріледі. [1] [2] Желайдар – көпжылдық, шөптесін өсімдік.Оның табиғи 120-дан аса түрі болса,сұрыпталған 150-ге жуық түрі көгалдандырудакең қолданыста.Грек тілінен аударғанда “ желдің қызы” деген мағына береді.Себебіоның гүлдері желді алдын ала сезеді.Жел болардың алдына гүл күлтелерін жинап,қауызын жаба бастайды. Табиғатта көк түсті гүл жаратын бірден–бір өсімдік осы желайдар.Сонымен қатар ақ, қызыл, күлгін, сия көктүстері де бар. Бойының биіктігі 15-60см.Топырағы жеңіл болса мол гүл жарады.Солүшін аптасына бір рет түбін қопсытып тұрады.“нәзік гүлді желайдар” деп аталатын түрініңкүзде бетін топырақпен жауып қояды. Ал,басқа желайдарлар қысқы суыққа шыдамдыкеледі. Аналық көшеттердің түбін бөлуарқылы көбейтеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы,3 том
- ↑ Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |