Жаңғақтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жаңғақтар — жоғары калориялы жемістер. Олардың неғұрлым көп тараған түрлері: грек жаңғағы, физалис жаңғағы, талшын жаңғағы, кешью жаңғағы, орман жаңғағы, бадам, пісте, су жаңғағы. Кондитер өнеркәсібінде жаңғақтар көп қолданылады. Олардан көптеген кәмпиттік жаңғақтық массалар, карамель салмалары жасалады, шоколадқа қосады, грильяжды массалар дайындайды, көптеген шығыс тәттілерін жасайды және қамырларға қосады. Жаңғақтардың құрамында май және ақуыз көп болады. Сондықтан олардың тамақтық құндылығы жоғары. Жаңғақтар қуырылып та, шикілей де пайдаланылады. Қуырылған жаңғақтардың иісі мен дәмі жақсарады. Грек жаңғағын ғана қуырмайды. Себебі оны қуырса жағымсыз дәм пайда болады. Жаңғақтар бүтін, жармаланған немесе ұнталған күйінде қолданылады.[1]

Суреттер жинағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]