Жауырын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жауырын
Латын тілі scapula
MeSH Scapula

Жауырын (лат. scapula) — пішіні үшбұрышты сүйек, оның бұрыштарын, сыртқы және ішкі беттерін ажыратады. Жауырынның жоғарғы жалпақ табанына жауырын шеміршегі байланысып тұрады. Жоғарыдан төмен қарай өтетін жауырын қыры — жауырынның сыртқы бетін - кішілеу келген алдыңғы қыралды шұңқырына және жалпақтау келген артқы қырарты шұңқырына бөледі. Жауырын қыры жоғарыдан темен қарай созылып, кейбір жануарларда акромион өсіндісімен аяқталады. Ал басқаларында жауырын қырының орта тұсында жауырын қырының төмпегі болады. Жауырынның төменгі вентральды бұрышына жақын жіңішкеріп келген жауырын ойығы орналасқан жерін жауырын мойыны деп атайды. Жауырынның алдыңғы сыртқы жағында, жауырын мойынынан сәл төменірек, оның буын үсті төмпегі орналасады. Тоқпан жілік басымен буынды байланыс түзетін жауырынның төменгі бұрышының гиалин шеміршегімен қапталған жағы, жауырынның буын беті деп аталады. Жауырынның қабырға жағындағы ішкі бетінің жоғарғы жағында төменгі (адамда — алдыңғы) тісше Бұлшық ет бекитін жауырынның тісше беттері мен тісше сызықтары болады. Бұлардан сәл төменірек жауырынасты шұңқыры орналасады. Буынүсті төмпегінің медиальды жағында құстұмсықша өсінді шығып тұрады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9