Жапон иені
Иена(жапон. 円 эн, қыт. 圓 «юань») — Жапонияның ақша бірлігі, әлемнің негізгі резервтік валюталарының бірі. 1 иена 100 сенге (бұл ақшалай бірлік 1954 жылы айналымнан шықты) тең. Халықаралық коды:JPY. Иенаның символы ретінде ¥ белгісі қабылданған. Иенаның алтын және күміс монеталары 1869-1871 жылдары соғыла бастады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иенаның ұлттық валютаға айналуына дейін Жапонияда Токугава сегунатының ақшалай жүйесі қолданылды. 1869 жылы алғаш рет соғылған иена Жапониядағы 1871 жылы жүргізілген ақша реформасынан кейін негізгі бірлік ретінде қабылданды. 1871 жылғы үкіметтің шешімімен XVI ғасырдың аяғынан жапон феодалдарының шығарған тайпалық қағаздарын ауыстыру тыйым салынды. Қаржы министрлігінің 1868 жылғы зерттеуіне сәйкес Жапонияда Токугава дәуірі кезінде 244 тайпа, 14 магистрат, сегунның 9 қызметшілері басып шығарған 1694 тайпалық қағаздардың атаулары кездескен. 1879 жылға қарай тайпалық қағаздарды жаңадан енгізілген валютамен алмастыру жұмыстары аяқталды.[1]
Әлемнің қосалқы валютасы ретінде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1995 | 1996 | 1997 | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
USD | 59,0 % | 62,1 % | 65,2 % | 69,3 % | 70,9 % | 70,5 % | 70,7 % | 66,5 % | 65,8 % | 65,9 % | 66,4 % | 65,7 % | 64,1 % | 64,1 % | 62,1 % | 61,8 % | 62,3 % | 61,1 % | 61,2 % |
EUR | 17,9 % | 18,8 % | 19,8 % | 24,2 % | 25,3 % | 24,9 % | 24,3 % | 25,2 % | 26,3 % | 26,4 % | 27,6 % | 26,0 % | 24,7 % | 24,3 % | 24,4 % | ||||
DEM | 15,8 % | 14,7 % | 14,5 % | 13,8 % | |||||||||||||||
GBP | 2,1 % | 2,7 % | 2,6 % | 2,7 % | 2,9 % | 2,8 % | 2,7 % | 2,9 % | 2,6 % | 3,3 % | 3,6 % | 4,2 % | 4,7 % | 4,0 % | 4,3 % | 3,9 % | 3,8 % | 4,0 % | 4,0 % |
YEN | 6,8 % | 6,7 % | 5,8 % | 6,2 % | 6,4 % | 6,3 % | 5,2 % | 4,5 % | 4,1 % | 3,9 % | 3,7 % | 3,2 % | 2,9 % | 3,1 % | 2,9 % | 3,7 % | 3,6 % | 4,1 % | 3,9 % |
FRF | 2,4 % | 1,8 % | 1,4 % | 1,6 % | |||||||||||||||
CHF | 0,3 % | 0,2 % | 0,4 % | 0,3 % | 0,2 % | 0,3 % | 0,3 % | 0,4 % | 0,2 % | 0,2 % | 0,1 % | 0,2 % | 0,2 % | 0,1 % | 0,1 % | 0,1 % | 0,1 % | 0,3 % | 0,2 % |
Қалғандары | 13,6 % | 11,7 % | 10,2 % | 6,1 % | 1,6 % | 1,4 % | 1,2 % | 1,4 % | 1,9 % | 1,8 % | 1,9 % | 1,5 % | 1,8 % | 2,2 % | 3,1 % | 4,4 % | 5,1 % | 6,3 % | 6,2 % |
Дереккөздер: 1995—2009 МВФ (Халықаралық валюта қоры): Currency Composition of Official Foreign Exchange Reserves Дереккөздер: 1999—2005, ЕОБ (Еуропаның орталық банкі; 2006): The Accumulation of Foreign Reserves Дереккөздер: 1999—2005: ЕОБ (Еуропаның орталық банкі; 2005): Review of the International Role of the Euro, Frankfurt |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |