Жалқаулық
Жалқаулық— адам бойындағы жағымсыз сипат. Жұмысқа мойны жар бермейтін еріншек, бойкүйез, кежірлікті білдіретін мінездегі ұнамсыз сипат. Жалқаулық кежегесі кейін тартқан кежірлік, жайбасарлық. Жалқаулық шабан қозғалысымен, бойкүйездік еріншектігімен, кертартпа кежірлісімен айқындалатын адам мінезіндегі ерекшелік. Жалқаулық жұмыс істегісі келмей еріну, салғыртсыну сияқты адам мінезіндегі көріністерден де анық аңғарылады. Жалқаулыққа салыну кежегесі кейін тартып іс-әрекет етуге ерінуді білдіреді. Жалқаулық сияқты мінездегі жағымсыз сипаттан арылу үшін адам күнделікті тіршілікте өз алдына мақсат-міндет қойып, оны қалайда әрекет жасап жүзеге асыруым керек деген талап қойып отыруы қажет.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |