Мазмұнға өту

Жалағаш ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Жалағаш ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қызылорда облысы

Аудан орталығы

Жалағаш

Ауылдық округтер саны

14

Кенттік әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

17

Әкімі

Ардақ Әбдіғаппарұлы Ибраимов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, №12

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°38′25″ с. е. 63°56′10″ ш. б. / 44.64028° с. е. 63.93611° ш. б. / 44.64028; 63.93611 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°38′25″ с. е. 63°56′10″ ш. б. / 44.64028° с. е. 63.93611° ш. б. / 44.64028; 63.93611 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1939

Жер аумағы

27,1 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC 5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

35 925[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (99,04%), шешендер (0,40%), орыстар (0,28%), корейлер (0,17%), басқа ұлт өкілдері (0,11%)[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

8-724-31-

Пошта индексі

120200-120214

Автомобиль коды

11

Жалағаш ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Жалағаш ауданы

Жалағаш ауданыҚызылорда облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен 1939 жылы 17 қазан күні құрылды. Жер аумағы — 27,1 мың км². Орталығы — Жалағаш кенті.

Жер бедері, климаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан батысында Қармақшы, шығысында Сырдария аудандарымен, теріскейінде Ұлытау облысы Ұлытау ауданымен, түстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Аудан үстімен батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай халықаралық теміржол магистралы, автотрасса жосылып жатыр, олармен жарыса «Сырдария» өзені ағуда. Жері негізінен жазық. Солтүстігі тақыр (Дариялық тақыр жазығы), сор, сортаң, Сыр бойындағы жері шалғынды-батпақты, оңтүстікке қарай (Қызылқұм) құмды келеді. Ең биік жері — ауданның солтүстігінде орналасқан Егізқара тауы (288 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Қыс айларында жылымық күндер жиі болып тұрады. Қаңтар айының орташа температурасы — 9–12°С, шілдеде — 25–26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 100–150 мм. Аудан жерімен Сырдария және оның тармақтары Жаңадария, Қараөзек ағып өтеді. Шеңгелдікөл, Сарыкөл, Қаракөл, т.б. көлдер бар. Шөлдік белдемде орналасқандықтан Жалағаш ауданының топырағы Сырдария өзені жайылмасында шалғынды сұр, сортаң, солтүстігінде тақырлы сортаңды сұр топырақ, ал оңтүстігінде ақшыл сұр, сұр, қызыл құмды топырақ дамыған. Жазық жерлерде және төбе аралықтарында баялыш, жүзгін, шеңгел, сексеуіл, еркек шөп, күйреуік, су айдындары бойында қамыс-құрақ, ақбас, кекіре, т.б. өседі. Жануарлардан жабайы шошқа, борсық, түлкі, қарсақ, қасқыр, шиебөрі, ақ бөкен, қоян, кекілік, қырғауыл, т.б. мекендейді.

1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021
 18129 26042 34624 37140 39553 35695 35128

Тұрғындар саны – 35 925 адам (2023). Ұлттық құрамы: қазақтар – 98,85%, шешендер – 0,42%, басқа ұлт өкілдері – 0,53%.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

17 елді мекен 14 ауылдық округ пен 1 кенттік әкімдікке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Аққұм ауылдық округі Аққұм ауылы 1 1961
Аққыр ауылдық округі Аққыр ауылы 1 1062
Ақсу ауылдық округі Ақсу ауылы 1 1676
Аламесек ауылдық округі Есет батыр ауылы 1 1874
Бұқарбай батыр ауылдық округі Бұқарбай батыр ауылы 1 2016
Еңбек ауылдық округі Еңбек ауылы 1 1470
Жалағаш кенттік әкімдігі Жалағаш кенті 1 15106
Жаңадария ауылдық округі Жаңадария ауылы 1 546
Жаңаталап ауылдық округі Жаңаталап ауылы 1 817
Қаракеткен ауылдық округі Қаракеткен ауылы 2 1520
Мақпалкөл ауылдық округі Т. Жүргенов ауылы 1 1883
Мәдениет ауылдық округі Мәдениет ауылы 1 1951
Мырзабай ахун ауылдық округі Мырзабай ахун ауылы 1 1283
Таң ауылдық округі Таң ауылы 2 1285
Шәменов ауылдық округі Шәменов ауылы 1 1033

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл шаруашылығына жарамды жері 391,1 мың га (2008), жыртылатын жерінің аумағы 28,1 мың га, шабындығы 5,3 мың га, жайылымы 252,7 мың га. Басты дәнді-дақылдары — күріш, сондай-ақ, бидай, арпа, жүгері, жоңышқа егіледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің ауданы — 1,76 млн га, оның 1,45 млн га-сы пайдаланылады. Жыртылатын жерінің аумағы — 40,1 мың га. Жалағаш ауданында 21,9 мың сиыр, 6,4 мың жылқы, 0,5 мың түйе, 42,5 мың бас қой мен ешкі бар (1999).

Әлеуметтік құрылымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда 21 орта және орталау мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 9 мәдениет үйі, 17 кітапхана, 1 музей, 7 мешіт, 10 аурухана, 6 дәрігерлік амбулаторлық пункттер бар. Елді мекендерге 82,7 км су құбыры жүргізілген. Жалағаш ауданында тарихи және мәдени ескерткіш орындары көптеп кездеседі. Аудан жерімен Орынбор-Ташкент темір жолы және мемлекеттік маңызы бар автомобильді жолдары өтеді[5].

  • 2002 ж. — Жалағаш кентінде Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілген.

Аудан басшылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

· 1939 -1944 ж.ж. Кистанов Сергей Иванович, ауданның алғашқы басшысы, 1939 жылдың қазанынан 1944 жылға дейін Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. · 1944 -1947 ж.ж. Ардабаев Әлімбет Әбженұлы. · 1947-1949 ж.ж. Жанасов Қаппар. · 1949-1953 ж.ж. Бейсембин Махмут. · 1953 ж. Тайымов Аманжол. · 1953-1954 ж.ж. Әзқожаев Омар. · 1954-1961 ж.ж. Соппеков Байбол. · 1961-1963 ж.ж. Тасыбаев Болтай Жұманұлы. · 1965-1972 ж.ж. Әбдікәрімов Исатай. · 1972-1975 ж.ж. Сұлтан Шаханұлы Аманов. · 1975-1985 ж.ж. Қазантаев Қонысбек Төрешұлы. · 1985-1987 ж.ж. Сәпиев Оңалбек. · 1987-1992 ж.ж. Қаюпов Биғали Әбдікерұлы. · 1992-1997 ж.ж. Далдабаев Сәмит. · 1997-1999 ж.ж. Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы. · 1999-2003 ж.ж. Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы. · 2003-2004 ж.ж. Ибраев Жұпарбай Өткелбайұлы. · 2004-2005 ж.ж. Талқанбаев Нұрман Бақбергенұлы. · 2005-2006 ж.ж. Есенов Марат Сағынтайұлы. · 2007-2010 ж.ж. Шаменов Өмірбек Мөрәліұлы. · 2010-2011 ж.ж. Бекенов Қайрат Әскербекұлы. · 2011 ж. Қаюпов Биғали Әбдікерұлы. · 2011-2014 ж.ж. Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы. · 2014-2017 ж.ж. Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы. · 2017-2020 ж.ж. Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы. · 2020 ж. наурыз айынан Шәменов Асылбек Өмірбекұлы аудан әкімі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]