Мазмұнға өту

Естек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Естек (Erіtrіchіum) – айлауықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда биік таулы алқаптар мен салқын жерлерде өсетін 3 түрі (жалпақжапырақты Е., жартас Е., түктесін Е.) бар. Олардың биіктігі 5 – 20 см, борпылдақ шым түзетін дара сабағы болады. Жапырақтарын да (сабағы сияқты) қалың, ұйысқан түк басқан. Тамыр түбіндегі жапырақтары ұзынша, доғал, ал сабақ бойындағылары қандауыр тәрізді, үшкір болады. Тостағанша жапырақшалары бес бөлікті, күлтесі қысқа түтікшелі, көкшіл немесе ақ түсті. Аталық пен аналық мойны күлте түтікшесіне кіріккен. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – дөңгелек, жалпақ жаңғақша, оның шеттерінде ұзын иілген көкшіл түсті мұртшалары бар.