Мазмұнға өту

Есет батыр ауылы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ауыл
Есет батыр ауылы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Қызылорда

Ауданы

Жалағаш

Ауылдық округі

Аламесек

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°48′26″ с. е. 64°37′31″ ш. б. / 44.80722° с. е. 64.62528° ш. б. / 44.80722; 64.62528 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°48′26″ с. е. 64°37′31″ ш. б. / 44.80722° с. е. 64.62528° ш. б. / 44.80722; 64.62528 (G) (O) (Я)

Бұрынғы атаулары

Аламесек, Ақарық

Уақыт белдеуі

UTC 5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

2295 адам (2009)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

11

Есет батыр ауылы картада
Есет батыр ауылы
Есет батыр ауылы
Есет батыр ауылы картада
Есет батыр ауылы
Есет батыр ауылы

Есет батыр ауылы (2017 жылға дейін — Ақарық)[1]Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Аламесек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстікке қарай 40 км жерде, Аламесек көлінің жағасында орналасқан.

1999 жылы тұрғындар саны 2705 адам (1369 ер адам және 1336 әйел адам) болса, 2009 жылы 2295 адамды (1183 ер адам және 1112 әйел адам) құрады.[2]

Іргесі 19 ғасырдың ақырында қаланған. 1928-1930 жылдары аудан орталығы болды. Жері құнарлы, шөбі шүйгін, балық, аң-құсы мол болғандықтан бұл аймақтың халқы ашаршылыққа ұрынбаған. Шымбай, Төрткүл, Қазалы уездерінің саудагерлері Аламесекте сауда жәрмеңкелерін өткізіп, “Жаңа базар” аталып кеткен. 1900 жылы Аламесекте 220 үйдей қазақ, 50-60 үй өзбек, 20-30 үй ноғай тұрған. 2 сыныптық орыс-қазақ түземдік мектебі (1898), кірпіш зауыты (1903), қасапхана жұмыс істеді. 1925 жылы Аламесек болысына 44 ауылды кеңес қарады. Аудан орталығы болып тұрған кезде мектеп, интернат, почта, аурухана, кітапхана, клуб, астық қабылдау пункті жұмыс істеді. Аламесек МТС-ы ұйымдастырылды. 1932-1933 жылдары Тереңөзек ауданының (қазіргі Сырдария ауданы) жетім балалар үйі, 1941-1944 жылдары Украина мен Белоруссиядан әкелінген балалардың мектеп-интернаты болды. Аламесек көліне құятын сулар бөгеліп, көл табаны құрғаған соң, Аламесектен ел еріксіз көшіп кетті.

Қазіргі жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1996 жылға дейін күріш өсіретін «Ақарық» кеңшарының орталығы болып келді. Кеңшар негізінде Аламесекте және округке қарайтын Жаңадария ауылдарында ЖШС және шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]