Мазмұнға өту

Ермек Кәрімжанұлы Тұрсынов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ермек Кәрімжанұлы Тұрсынов
Жалпы мағлұмат
Туған күні

20 шілде 1961 (1961-07-20) (63 жас)

Туған жері

Алматы облысы, Қазақ КСР

Азаматтығы

 Қазақстан
 КСРО (1961-1991)

Мамандығы

режиссёр, сценарийші

Белсенді жылдары

1993-қазіргі уақытқа дейін

IMDb

ID 3502489

Ермек Кәрімжанұлы Тұрсынов (20 шілде 1961 жыл, Алматы облысы) — қазақстандық жазушы, кинорежиссёр, сценарист, бұрынғы Қазақстанның мини-футболдан құрамасының ойыншысы.

Әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетін тәмәмдап, кейін ВГИК-тың сценарлы-кинотану факультетін аяқтаған.

Ермек Тұрсыновтың режиссерлік мансабын «Келін» фильмінен бастады. Кинокритиктер «Легенда о Нараяме» фильмімен ұқсастықты тапты. Бұл фильм («Келін») Америка Киноакадемиясының шешімімен «Оскар» премиясына лауреат ретінде «Шет тілдік ең үздік фильмдер» қатарына кірді.

2012 жылдың қазанында прокатқа «Шал» атты жаңа кинофильмі шықты. Ол Эрнест Хэмингуэйдің «Старик и море» деген кітабының мотиві бойынша түсірілген. Алматы қаласында өткен XIII «Выбор года» фестивалінде «Шал» фильмі «Жыл фильмі» атағына ие болды. Фильмге жылдың ең үздік туындысы ретінде Қазақстан халық «Құлагер» премиясы берілген. 2013 жылы «Киношок» фестивалінде фильм гра-приге ие болды. 2014 жылы «Ника» премиясына ТМД және Балтия елдерінің «Ең үздік фильмі» атына үміткер болды.

Сценарийлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ермек Тұрсынов төмендегі фильмдердің сценариін жазды:

  • 2015 жыл — «Жат», режиссёр Ермек Тұрсынов
  • 2015 жыл — «Кенже», режиссёр Ермек Тұрсынов
  • 2014 жыл — «Кемпiр», режиссёр Ермек Тұрсынов \
  • 2012 жыл — «Шал»режиссёр Ермек Тұрсынов
  • 2009 жыл — «Сіз кімсіз, Ка мырза? («Волчий след», «Цветочник»), режиссёр Қуат Ахметов
  • 2009 жыл — «Сабалақ» (анимациялық), Темір Бекмамбетовпен бірге
  • 2008 жыл — «Мұстафа Шоқай», режиссёр Сатыбалды Нарымбетов
  • 2008 жыл — «Келін», режиссёр Ермек Тұрсынов
  • 2008 — «Сталинге сыйлық», режиссёр Рустем Әбдірашев
  • 2008 жыл — «Бақсы», Сергей Бодров пен Гульшад Омаровамен бірге
  • 2007 жыл — «Ближний бой», режиссёр Еркен Ялгашев
  • 2007 жыл — «Құрақ көрпе», режиссёр Рустем Абдрашов — ең жақсы сценарий үшін 2007 жылғы «Киношок» фестивалінде мадақтама алды
  • 1993 жыл — «Әбілқайыр Хан», режиссёр Виктор Пусурманов
  • 1990 год — «Мытарь», «Золотое перо» драматургиялық конкурсының лауреаты, Мәскеу қаласы