Егіз
Егіз, медицинада — жүкті әйелден екі, үш (кейде одан да көп) сәбидің тууы. Егізді көп жағдайда 18 жасқа дейінгі немесе 30 жастан асқан әйелдер көтереді. Егіз бала көтерудің тұқым қуалайтыны ғыл. дәлелденген. Егіз бір ұрық клеткасының немесе екі ұрық клеткасының ұрықтануынан да болады. Бір ұрық клеткасынан дамыған егіздің бір ғана бала жолдасы болады. Мұндай жағдайда бір жынысты егіз туады және бұлар бір-біріне өте ұқсас болады. Екі ұрық клеткасының ұрықтануынан болған егіздің бала жолдасы бөлек, екеуінің бірі ұл, бірі қыз не бір жынысты болады. Олардың ұқсас болмауы да мүмкін. Ал бірнеше ұрық клеткасынан дамыған жүктілік (екі не одан да көп ұрық клеткасының бір уақытта ұрықтануынан) кезінде әйелдің жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, аяқ ісініп, варикоз ауруы күшейеді, кіші дәретке баруы жиілеп, мезгілінен бұрын босанып қалуы мүмкін. Егізді ультрадыбыспен зерттеу арқылы жүктіліктің 6-аптасынан анықтауға болады. Егіз балалы ана әйелдер консультациясында ерекше есепке алынады. Егер әйелдің денсаулығы қалыпты жағдайда болса, жүктіліктің 36-аптасынан перзентханаға жатқызады. Мұндай әйелдерге айрықша қамқорлық жасалады, босанғаннан кейін егіз сәбилер мен ананың денсаулығы мезгіл-мезгіл тексеріліп тұрады.
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |