Губерния
Губерния - Ресейде болған әкімшілік - аумақтық бөліктің ең жоғарғы түрі. 18 ғасырда І Петр тұсында қалыптасты. 1708 жылы Ресей 8 губернияға бөлінді. (Петербург, Мәскеу, Архейгологород, Смоленск, Киев, Қазан, Азов, Сібір). Кейіннен жаңа губерниялар құрылып, басқару жүйесі жетілдіріліп отырды. Губернияны губернатор басқарды. 1917 жылғы Ақпан, Қазан революцияларынан кейін губерниялық бөлік сақталды. 1924 - 1929 жылдары КСРО-ны аудандастыруға байланысты губерниялық - аумақтық бөлік жойылып, оның орнына облыстар мен өлкелер, кейіннен округтар құрылды. Революциядан бұрын Қазақстанда 6 губерния (облыс) болды. 1854 ж. Семей, 1867 ж. Жетісу, Сырдария, 1868 ж. Ақмола, Торғай облыстары құрылды. 1928 ж. админ - аумақтық аудандастыру шаралары жүргізіліп, губерниялар, уездер, облыстар таратылды. Олардың орнына 13 округ, 193 аудан құрылды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Энциклопедия - Ақтөбе . "Отандастар - Полиграфия" ЖШС , 2001 жыл.