Гидралар
Гидралар | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Кіші табтары және тайпалары | ||||||||||
|
Гидралар (Hydrozoa) – ішекқуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар отрядына жататын жыртқыштар. Қазір гидралардың 10-нан астам түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстанда кәдімгі гидралар (Hydra vulgarіs), жасыл гидралар (Chlorohudra vіrіdіssіma), сабақтәрізді гидралар (Pelmatohudra olіgactіs) кездеседі. Гидралар – дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол табанымен су астындағы өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып, тіршілік етеді. Гидралардың денесі эктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады. Аузының айналасында 6 – 12 қармалауыштары бар. Қармалауыштарының және атпа клеткаларының көмегімен ұсақ жәндіктерді, әсіресе, шаянтәрізділерді ұстап алып жұтады. Энтодерма қабатына түскен қорегін жасуша ішінде қорыту үшін олардың безді жасушалары ас қорыту сөлдерін бөледі. Қорытылмаған қалдықтары ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Гидралар жынысты және жыныссыз (бүршіктену арқылы) жолмен көбейеді, дара жынысты да, гермафродит түрлері де кездеседі. Гидралардың қайта қалпына келу қасиеті өте жоғары дамыған, мыс., денесінің мөлш. 1 мм-ге жетпейтін особь (дарабас) тез арада біртұтас Гидралар қалпына келеді.Гидралар негізінен лаб-да тәжірибе жасау үшін пайдаланылады.
Сыртқы құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Денесі екі бөлімнен тұрады:
- үстіңгі бөлім – ауыз тесігі және қармалауыштар;
- қарын бөлімі – гастральды қуыс және табаны; Гидра табаны арқылы жерге (субстрат) бекінеді.
Жасушалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эктодерма қабатында
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Эпителиальды-бұлшықетті (эпителиально-мускульные) жасушалар – гидра осы жасушалар арқылы қысқара алады;
- Стрекательді жасушалар – бұл жасушалар гидраның бүкіл денеінде кезедеседі, көбінесе шупальцаларында. Әр стрекательді жасушада капсула болады – книда немесе нематоциста деп аталады. Стрекательді жасушалардың үш түрі бар: пенетранттар (28 қармалауыш), глютинанттар (7) және вольвенттер(65); Ең үлкені – пенетранттар. Олар азықтың жамылғысын тесіп өту үшін қолданылады. Глютинанттар екіге бөлінеді: кішкене глютинанттар (стереолиндер) – тікеншесіз (без шипиков) жабысқақ жәпше лақтырады және үлкен глютинантар (стрептолин) – жіпшелерінде қорғаныштық қызмет атқаратын тікеншелер болады.
- Жүйке жасушалары – эктодермада дифузды түрде, яғни шашыранды орналасқан, көбінесе ауыз шеттерінде және табанда көбірек болады. Бұл жасушалар шартты рефлекстер түзе алады.
- Аралық жасушалар – эпителиальды жасушалардың арасында кездеседі, діннің қызметін атқарады. Барлық басқа да жасушаларға бастау береді.
Энтодерма қабатында
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Екі негізгі типтері бар: эпителиальды-бұлшықетті асқорыту және безді жасушалардан тұрады. Жасушалары бұлшық етті талшықардан тұрады, бір-біріне перпендикуляр орналасады. Олар асқорыту қуысына литикалық ферменттер бөледі.
Гидраның тамақтануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гидра жыртқыш жануар болып табылады, ол көбінесе дафниялармен, циклоптармен және қарапайымдылармен қоректенеді. Зоолог Герданың айтуы бойынша гидра ұсақ балықтады да жеуі мүмкін.
Гидра қоректтік заттарды екі түрлі жолмен сіңіреді:
- Фагацитоз арқылы
- Асқорыту қуысында гидроликалық ферменттер арқылы
Көбеюі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жынысты және жыныссыз көбейеді.
Жыныссыз көбею – жаз кезінде бүршіктену арқылы жүреді. Бүршіктену кезінде дененің ортаңғы бөлімінде бүршік пайда болады. Олардан жас гидралар дамиды. Біраз уақыт жас гидралар орнынан қозғалмай сол жерінде қала береді.
Жынысты көбею – күз айында өтеді. Барлық гидратірізділерде гамета аралық жасушалардан түзіледі. Еркек гидрада олар көп бөліне береді де, сперматазоидттар жиынтығы пайда болады. Ал ұрғашы гидрада әр аралық жасуша бір жұмыртқа-жасушаға бастау береді. Ұрықтану ана денесінде жүреді. Жынысты көбею кезінде судағы температура төмендейді
Өкілдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |