Гетто

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гетто (мүмкін итал. geto nuoveВенецияның тарихи ауданы, аты 1516 жылы алғашқы рет кездескен) – ірі қалалардың кіші этникалық топтар өз еркімен немесе күшпен тұратын кедей, инфрақұрылымы шамалы аудандары. Тарихи сөзі еврейлерді күштеп тұрғызатын венециандық геттодан бастау алады.

Алғашқы еврейлер геттолары Италия, Германия, Испания мен Португалия елдерінде XVI ғасырда пайда бола бастады.

XX ғасыр басында гетто идеясына жаңа құрылған лимитроф-елдерде орала бастады.

Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде “гетто” сөзімен оккупацияланған жерлердегі алмандар ұлтшылдарымен немесе олардың тәртібін қолдайтын жергілікті ұлтшылдармен күзетілетін, еврейлерді күшпен тұрғызатын елді мекендерді атаған. Әйгілі болғандары – Варшава геттосы, ал КСРО жерінде Минск геттосы.

АҚШ-та көпшілік ақтар мен кіші қаралар (негрлер мен латынамерикалықтар секілділер) арасандағы нәсілшілдік және әлеуметтік қарама-қайшылықтар бөлінушілікке алып келді – осы кіші топтарға арналған сандаған геттолар пайда болды.