Мазмұнға өту

Гемостаз жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гемостаз - ол бір жағынан қан ағымында қанның сұйық күйде ұстап тұру, ал екінші жағынан қан тамыры зақымданғанда қан кетуді тоқтатуға және қан жоғалтуды азайтуға жауап беретін ағзаның маңызды қызметі. Осы қызметке жауап беруге қатысатын мүшелер мен тіндер гемостаз жүйесін құрайды. Гемостаз жүйесі әртүрлі экзогендік және эндогендік әсерлерге белсенді түрде жауап береді. Гемостаз жүйесінің аурулары кезіндегі гемостаздық қызметтің бұзылыстары туа не жүре пайда болады.

Гемостаз жүйесінің құрылымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гемостаз жүйесінің құрылымын шартты түрде "морфологиялық" және "қызметтік" деп бөлуге болады.
Морфологиялық

  • тамыр қабырғасы;
  • тромбоциттер және қанның жасушалық элементтері;
  • плазмалық құрылымы - протеиндер, пептидтер және гемостаздың протеиндік емес медиаторлар, цитокиндер, гормондар;
  • сүйек миы, бауыр, көкбауыр (олар тромбоциттер және гемостаз жүйесінің плазмалық құрылымын синтездейді)


Қызметтік

  • прокоагулянттар;
  • коагуляцияны тежегіштері (антикоагулянттар);
  • профибринолиттиктер;
  • фибринолизді тежегіштер


Гемостаз жүйесінің жұмыс істеу механизмі күрделі болуына қарамастан, оның нәтижесі қарапайым - "жүйе зақынданбаса қан ұю болмайды, ал зақымданған жағдайда қан кетуді тоқтату үрдісі іске қосылады".[1]

  1. "Қан аулулары" Байжанова К.Т., Бекмурзаева Э.Қ. 2010 ISBN 9965-833-40-0