Гватемалалықтар
Гватемалалықтар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
12 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
католицизм, ежелгі нанымдар |
Гватемалалықтар — Гватемаланың тұрғылықты халқы. Мексика мен Сальвадорда да аздап кездеседі. Жалпы саны - 12,0 млн адам. (2006, бағалау). Гаусс ақ пен сары нәсілдің араласуынан шыққан аралық нәсілге жатады. Тек 1%-і ғана ақ нәсілділер.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гватемаланың байырғы үнді халқының тілдері негізінен Майя-Киче отбасына жатады - бүгінгі күнге дейін бұл отбасының 23 тілі сақталған, үндістердің көпшілігі екі тілді. Республиканың ресми тілі - испан тілі.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діні - католицизм, ежелгі нанымдар үндіс халқының арасында әлі де бар.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гватемала этносының қалыптасуы 16 ғ-дағы испандардың отарлау кезеңінен басталып, 19 ғ-дың аяғына дейін созылады. 1821 ж. тәуелсіз Гватемала Республикасының құрылуы (қ. Гватемала) Г-дың бір этносқа топтасу процесін жеделдетті.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гвателмалдықтардың негізгі кәсібі — егіншілік, жүгері, майс пен бұршақ дақылын, мақта, темекі, какао, асқабақ, түрлі көкөністер, кофе, банан, қант қызылшасын өсіреді. Ұлттық қолөнерінде тоқу, өру және қыш пен көзеден бұйым жасау дамыған.[5]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қабырғаларын қамыстан, адоба ағашының бұтақтарынан өріп тұрғызып, сыртын балшықпен сылап, шатырын пальма жапырағымен жапқан лашықтарда, ал ауқаттылары қабырғалары кірпіштен қаланған шатырлы, еденді үйлерде тұрады.
Ұлттық тағамдары — маис ұнынан пісірілген тоқаш, лобия мен асқабақ қосқан тағам. Сондай-ақ, бұрыш пен көкөністен дайындалған ет тағамдары. Негізгі сусындары суға маис ұны мен бал қосылып даярланады.
Гвателмалдықтардың ұлттық киімдерінде Америка үндістері мен испан халқының киім үлгілері байқалады. Гвателмалдықтардың ұлттық мерекелері егіншілік, діни мейрамдар, желеп-жебеуші үндіс әулиелеріне сиыну ғұрыптарымен байланысты.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2346816?ysclid=lpthwu1goz43911469
- ↑ https://stikss.ru/55de79b/Гватемальцы(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ https://my-dict.ru/dic/sovetskaya-istoricheskaya-enciklopediya/2110062-gvatemalcy/
- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
- ↑ https://travel-journal.ru/ethno/31/554/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ http://www.etnolog.ru/people.php?id=GVAT