Гари
Гари (ガリ?) — дәмдеуіш, жас жанжабілдің тамыр сабақтарын жұқа туралып, сірке су мен қантпен маринадталған цукэмоно.
Өзгеше ащы дәмі болады, көбіне алғашқы рет дәмін татып көргендер парфюмерия хош иістеріне ұқсатады.
Әдетте Гариді суши мен роллдардың қасына васаби мен қытайбұршақ (соя) тұздығымен бірге дастарқанға қойылады. Сол себепті гариді кейде «суши жанжабілі» деп те атайды. Кейде гариді сушидың бетін соя тұздығымен майлау үшін қолданады.
Жас жанжабілден жасалған гаридің түсі сірке суының әсерінен қызғылт болады. Былтырғы жанжабіл тамыр сабақтарынан жасалған гаридің түсі өзгермейді, сол себепті бұл жағдайда Е 124 жасанды бояғыш немесе қызылша шырынын қосады.
Гариді бэни-сёга (жап. 紅生姜 ) дәмдеуішпен шатастырмау керек, бұл қызыл маринадталған жанжабіл.