Мазмұнға өту

Владимир Карлович Фоос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фоос Владимир Карлович. 1951 жылы 20 қаңтарда РКФСР Челябі қаласында туған.Неміс. - 2007 жылдың қаңтар айынан бері - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.

Әкесі - Фоос Карл Яковлевич, марқұм. Анасы - Фоос Лина Ивановна, марқұм.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1997), заңгер-құқықтанушы. Қазақстан Коммунистік партиясының мүшесі (1984-2004).

1968 жылдан - Солтүстік Кавказ темір жолы Гудермес стансасы тепловоз машинисінің кемекшісі. 1970 жылдан - Шығыс Қазақстан облысының Лениногор полиметалл комбинатында тепловоз машинисінің кемекшісі. 1970 жылдан - РКФСР Северодвинск қаласы Солтүстік Флоты техниктер мектебінің курсанты. 1972 жылдан - Гаджиев кентіндегі Солтүстік Флотының мичманы. 1980 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласы Риддер кенішінің үңгілеушісі. 1990 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Халық депутаттары Кеңестерінің жұмыстары жөніндегі мәселелер, басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту комитетінің босатылған мүшесі, хатшысы. 1994 жылдан - Жоғарғы Кеңестің 13-шақырылымы Комитетінің кеңесшісі. 1995 жылдан - ҚР Орталық сайлау комиссиясы заң бөлімінің кеңесшісі, меңгерушісі, мүшесі, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы. 2007 жылдың қаңтар айынан бері - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.

ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымының депутаты (1990-1993).

«Құрмет» орденімен (2006), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы - Фоос Галина Витальевна (1952 жылы туған). Қызы - Ольга (1976 жылы туған); ұлдары - Алексей (1974 жылы туған), Михаил (1980 жылы туған).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2