Мазмұнға өту

Вашингтон Монументі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Вашингтон Монументі
ағылш. Washington Monument
Вашингтон монументі, 2016 жылы күз мезгілінде
Вашингтон монументі, 2016 жылы күз мезгілінде
Жалпы мағлұмат
Түріескерткіш
Ауданы42,90 га
Құрылған уақыты1848–1854, 1879–1884
СәулетшісіРоберт Миллс
Келушілер саны671,031 (2008 жыл)
Сайтыnps.gov/wamo/index.htm
Орналасуы
38°31′56″ с. е. 77°01′15″ б. б. / 38.5322° с. е. 77.0207° б. б. / 38.5322; -77.0207 (G) (O) (Я)Координаттар: 38°31′56″ с. е. 77°01′15″ б. б. / 38.5322° с. е. 77.0207° б. б. / 38.5322; -77.0207 (G) (O) (Я) (T)
Ел АҚШ
ҚалаВашингтон
Вашингтон Монументі (Америка Құрама Штаттары)
Вашингтон Монументі
Вашингтон Монументі Ортаққорда

Вашингтон Монументі (ағылш. Washington Monument) — Вашингтон қаласындағы Ұлттық Алаңда орналасқан, АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Уошингтон құрметіне салынған биіктігі 169 метр, салмағы 91 мың тонна болатын монумент.

Монумент мәрмәр, гранит, кварцит сынды материалдардан жасалған. Бұл монумент Вашингтонда және әлемде қабатты, биік құрылыс болып саналады. Жобасын 1840 жылдары Роберт Миллс жасады. Құрылысы 1848 жылы басталып, 1884 жылы аяқталды. Құрылыстың ұзаққа созылған және арасында кідіру болған себебі, ықпалды партиялардың кедергі келтіруі, қаражаттың аздығы және АҚШ азаматтық соғысы. Монументтің ең алғашқы элементі 4 шілде 1848 жылы АҚШ-тың тәуелсіздік күнінде қойылды, ең соңғы элементі 6 желтоқсан 1884 жылы қойылды, ал толыққанды құрылысы 21 ақпан 1885 жылы аяқталды. Монумент 9 қазан 1888 жылы ресми түрде ашылды. Вашингтон монументі Эйфель мұнарасы салынғанға дейін бес жыл бойы әлемдегі ең биік құрылыс болып саналды. Монументтің басына 896 баспалдақ арқылы немесе лифт арқылы көтерілуге болады. Монументтің шығыс жағында «Құдайға мадақ» (лат. Laus Deo) деген латынның екі сөзі бар.

Роберт Миллс жобасы, 1836 жыл.

Монумент жобасын құру жұмыстары 1832 жылы басталды. Бұл жылы Джордж Вашингтонның туылғанына 100 жыл болды. Осы мерейтойға орай тұрғындар қайырымдылық жинай бастады. 1835 жылға қарай тұрғындар 28 мың доллар жинады (2010 жылғы бағам бойынша 709 мың доллар[1]) және мемориалдың ең жақсы жобасына байқау басталғаны туралы хабарлады.

Байқау 1836 жылы өтті. Байқаудың жеңімпазы Роберт Миллс атанды. Роберт Миллс монумент ретінде обелиск салуды жоспарлады. Миллстің жобасы бойынша бұл биіккке созылған, төбесі алюминиден қапталған баған болуы керек. Сонымен қатар монументті жерде дөңгелек колоннада қоршауы керек.

Алайда жобаға тағылған сындардың және 1 миллион доллар (2009 жылғы бағам бойынша 21 миллион доллар) тұратын бағасының кесірінен қоғам бұл жобаны бірден қабылдамады. 1848 жылы колоннаданың шешімін кейінге қалдырып, тек обелиск салу шешіледі.

Қазіргі күнгі ескерткіш төбесінде төртжақты пирамидасы бар бағаннан құралған. Пирамиданың ішінде төрт жаққа қарайтын, сегіз терезеден құралған туристтік орын бар.

2011 жылғы жер сілкінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

22 тамыз 2011 жылы Вирджиния штатының орталығында 5,9 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің толқыны Вашингтонға дейін жетті. Бұқаралық ақпарат құралдары Вашингтон монументіне қауіп төніп тұрғанын хабарлады, монументтен бірнеше тастар жерге құлады, бірнеше жырықтар пайда болды.[2] Алайда АҚШ саябақтар ұлттық қызметі[3] монументке төніп тұрған қауіп сейілгенін хабарлады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 28000 1835 usd — Wolfram|Alpha
  2. D.C. Police Officer: There's Concern That Washington Monument May Be Tilting Following 5.9 Magnitude Earthquake. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 травень 2012. Тексерілді, 25 серпень 2011.
  3. National Mall monuments closed after earthquake(қолжетпейтін сілтеме)

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]