Василиск
Василиск (гр. βασιλίσκος — «кішкентай патша») — қораз туған, құрбақа басып шыққан жұмыртқадан пайда болатын мифологиялық құбыжық. Негізінде - Жыландардың патшасы болып есептеледі. Медуза Горгона сияқты адамды бір көз қарасымен өлтіреді.
Сырт бейнесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мифологиялық құбыжықтың басын - қораздікіне ұқсатады. Қызыл айдаршасы патшаның тәжісіне ұқсайды, сол себепті "кішкентай патша" деген атауға еге болған. Кейде ол айдарша емес тәжіге ұқсас ақ дақ деп те айтылады[1].
Дене тұрқы құрбақаның денесіне ұқсас, көзі де құрбақаныкіндей, жасыл. Құйрығы - жыландікіндей.
Василисктің пайда болуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Джеральд Дарреллдың "Говорящий сверток" кітабында Василиск әтеш туған алтын жұмыртқадан пайда болған деп айтылады. Ол жұмыртқаны құрбақа басып шығарған.
- Рим ақыны Марк Анней Луканның нұсқасы бойынша, василиск өлген Медуза Горгонаның қанынан пайда болған.
- Орта ғасырлардың мифологиясында 100 жылда 1 рет жеті жасар қораз жылы тезекке жұмыртқа туады. Егер де осы жұмыртқаны құрбақа немесе жылан басып шықса - жұмыртқадан василиск пайда болады.
Василисктің уы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Миф бойынша, василисктің уы өте күшті. Мысалы, Плинийдің аңызы бойынша, бір жауынгер василискті найзамен жарақаттаған. Көп ұзамай жауынгердің өзі де өлген, себебі василисктің уы найзамен өтіп жауынгердің денесін улаған. Осы аңыздың басқа нұсқасында (Лукан мазмұндаған), дәл сондай жағдайда болған жауынгер найза ұстаған қолын өзі шауып тастап өмірін құтқарып қалған.
Василивктің тұқымы да өте улы, оларды жеген жан қиналып өледі.
Тырнағы, азу тістері, тіпті демі де өте улы болып саналады.
Василиск бір көз қарасымен өтіре алады, демек оның көз қарасы да улы. Сол себепті, миф бойынша, егер адам василискті өлтіргісі келсе - айнаны қолдану керек. Өзінің кескінін айнадан көргенде василиск өз уынан өледі[2].
Тұратын ортасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Інжіл бойынша василисктер Мысыр мен Палестинаның құмды далаларын мекендейді. Аңыз бойынша, құмды далардың елсіз-күнсіз болғанының себебі де сол. Василиск пайда болған жерде бүкіл жәндік: құстар да, жануарлар да, өсімдіктер де құрып бітеді. Сол жердің суы да улы болады.
Таспен көректенетін василисктер тау қуыстарында тұрады. Өз інінен тек түнде шығады мыш.
Василисктпен күрес
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жануарлардың ішінде тек рута шөбін шайнаған ақкіс василисктен қорқпай, құбыжыққа алдынан шабуыл жасап талай алады. Сол себепті орта ғасырларда шіркеулерді, құдықтардың құбырларын жапфрақ ұстап тұрған ақкіспен бейнелеген.
Ақкістен басқа Василиск қораз шақырғаннан және айнадағы өз бейнесінен қорқады.
Саяхатшылар танымайтын жерге сапар шеккенде қолына торға салып қоразды немесе ақкісті алып шығатын.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Василиск ежелгі мифология бойынша - Жыландардың патшасыболып саналған.
-
Василисктің қиял елесі
-
Василискпен күреске жауынгерлер айна алып шағатын (Орта ғасырдың гаврюрасы)
-
Василиск, 1655 жылғы сурет
-
Василиск, Йоханнес Янссенның суреті,1890 ж.
-
Василиск ақкіспен шайқасуы, Холлар гаврюрасы, XVII ғ.
-
Василиск, Хорватия, мүсін.
-
Милан Герцогтарының елтанбасындағы василисктің бейнесі
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Происхождение мифологического существа Мұрағатталған 13 қаңтардың 2013 жылы. (орыс.)
- О Василиске на Черте Мира(қолжетпейтін сілтеме) (орыс.)
- Информация о василиске Мұрағатталған 5 мамырдың 2011 жылы. (ағыл.)